Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 12 қаңтарда депутаттық сауал жарияланды.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі  

А.Қ. Аймағамбетовке

2022 жылғы 12  қаңтарда жарияланды

Депутаттық сауал

Құрметті Асхат Қанатұлы!

Елде орын алған жағдайға байланысты, дистанционды білім мәселесі өзекті болмақ. Депутаттық сауал «Бірыңғай білім берудің онлайн платформасының» жұмысына арналады.

Бұл «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында қарастырылған.

 Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес бірыңғай білім беру платформасын енгізу үшін 5 негізгі білім беру ақпараттық жүйесі анықталған («Күнделік» ААЖ, «OnlineMektep» АЖ, «Mektep.edu» АЖ, «Bilimal» АЖ, «Daryn Online» АЖ). Бірыңғай білім беру онлайн-платформасы 8 мыңға жуық мектептерге,                           3 млннан астам оқушыларға және 300 мың мұғалімге бір уақытта оқу процесінің қалтқысыз жұмысын қамтамасыз етуі қажет.

Алайда, сапалы интернеті жоқ ауыл мектептері үшін бұл платформа қол жетімсіз.

Бүгінгі таңда 7550 мектептің 58-інде мүлде интернет қосылмаған.                              192 мектепте интернет жылдамдығының төмендігі сонша, қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес.

Бұдан бөлек, атап өтетін басты мәселе, ауыл және қала мектептеріндегі интернет сапасына байланысты бастапқы жоспарлау кезеңіндегі Министрліктің нормативті құжаттарында әртүрлі параметрлер белгіленген. Назар аударғымыз келетіндігі, ауыл мектептері үшін интернет жылдамдығы қала мектептеріне қарғанда бірнеше есе төмен.

Бұл білім беру ортасында цифрлық теңсіздікке алып келеді.Халықаралық стандарттар мен біздің ұлттық білім беру жүйемізді дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді.

Осы ретте, келесі ұсыныстарды енгіземіз:

1) Бірыңғай білім беру онлайн-платформасына сапалы білім беру контентін интеграциялауды және әдіснамалық сүйемелдеу жұмыстары жалғастырылсын;

2) Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептер үшін Интернет сапасына қойылатын талаптар қайта қарастырылсын;

3) Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, жаңа бағдарламалық өнімдердің талаптарын ескере отырып, байланыс арналары мен қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін бағалау қайта қарастырылсын.

4) Педагогтар мен оқушылардың білім беру ортасында цифрлық теңсіздікті төмендетуге байланысты ведомствоаралық кешенді іс жоспар әзірленсін.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

депутаттары

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшелері                                                       Ж. Сүлейменова

  

                                                                                                            Т. Адамбеков

                                                                                                            Е. Смышляева

 

                                                                                                            Б. Торгаев