Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 9 ақпанда депутаттық сауал жарияланды.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә. А. Смайыловқа

2022 жылғы 9 ақпанда жарияланды

Депутаттық сауал!

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының білім сапасы туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңесте бірнеше рет мәселе көтеріп келеміз. Алайда, көтерілген сұрақтар жергілікті атқарушы билік тарапынан шешілмей келеді. Атап айтқанда, халықаралық PISA тестінен аталған аймақтың көрсеткіштері төмен. Мысалы, оқу сауаттылығынан 361 балмен – 14 орында, математикалық сауаттылықтан 391 балмен – 15 орында, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығынан 365 балмен – елімізде 15-орында. Қала мен ауыл оқушыларының оқу сауаттылығын салыстыратын болсақ, алшақтық 27 балды құрайды. Бұл еліміздегі ең үлкен алшақтық екендігін атап өткіміз келеді.

Сонымен қатар, ҰБТ нәтижесімен мектеп бітірушілердің ЖОО-ға мемлекеттік грантқа қабылдану деңгейі де төмен. Мәселен, 2019-2020 оқу жылында 6365 түлек мектепті аяқтап, небәрі 1631 түлегі ғана Мемлекеттік білім грантына қабылданды.

Аталған өңірде білікті педагогикалық кадрлар тапшылығы 2021 жылы 1563 ұстаздарды құрады. Жалпы педагогикалық контингенттің небәрі                   52 % біліктілік санаты бар. Сапалы кадр мәселесін шешпей білім сапасын арттыру мүмкін емес.

143 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 97-і ауылдық  мектептер. Оларға кешенді жаңғырту мен күрделі жөндеу жасалмаған. Тек, 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасында 22 мектепке пән кабинеттері, кітапхана, қауіпсіздік жүйелері орнатылған. Облыс Әкімдігі барлық ауылдық мектептерді заманауи деңгейде дамыту мәселесіне назар аударуы қажет.

Білім нысандарының құрылысы аймақтағы оқушы орнының тапшылығын шешпейді. Өткен жылы жоспарланған Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдық округіндегі 600 орындық мектептің құрылысы дер кезінде аяқталмады. 2025 жылдың 1 қаңтарына арналған оқушы орын тапшылығының болжамдық динамикалық өсімі 60 616 оқушы орнының тапшылығын құрайды. Маңғыстау облысы 2025 жылға қарай 28 мектептің құрылысы жоспарланған, жоба қуаттылығы 19 660 оқушы орнына есептелген. Бұл қалған 40 мың оқушы орын тапшылығын шешу үшін кем дегенде қосымша 20 мектеп салу қажет. Әкімдік мектеп салу мәселесінің шешімін тез арада қолға алуы қажет деп есептейміз.

«Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары Маңғыстау облысының Әкімдігіне келесі ұсыныстарды енгіземіз

Маңғыстау облысының білім саласын кешенді дамытуға арналған арнайы бағдарламасын қабылдауды ұсынамыз.

1. Мектептерді білікті ұстаздармен қамтамасыз ету, мектептердің директорлар корпусын дамыту.

2. Оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдалырын дамыту, сонымен қатар іргелі ғылыми және метапәндік дағдыларды қалыптастыру, алған білімді өмірде қолдануға үйрену, ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау мақсатында мектептерде оқушылардың және мұғалімдердің индивидуалды даму траекторияларын енгізу қажет.

3. Білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамыту. Жаңа мектептер құрылысын жоспарлау, оқушы орын тапшылығы мәселесін шешу.

4. Ауылдық, аудандық мектептерге кешенді модернизация, күрделі жөндеу жүргізу.

5. Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ даярлау, кәсіби бағдар жұмыстарын күшейту маңызды.

Қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде жолдауыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің

депутаттары

«Nur Otan» партиясы

фракциясының мүшелері                                               Ж. Сүлейменова

                                                                                              Е. Жаңбыршин

                                                                                              С. Мусабаев

                                                                                              Е. Смышляева