Жанбыршин
Едил
Терекбайулы

Председатель Комитета по вопросам экологии и природопользованию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС ЗАМЕСТИТЕЛЮ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА РК СКЛЯРУ Р.В. (на казахском)

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары

Р.В. Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Қоршаған ортаға антропогендік әсерлер, жалпы климаттың өзгеруі, алдымен еліміздің агроөндіріс кешеніне әсер ете бастады. Теңіздер мен өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі көптеген аймақтардың, соның ішінде Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығына қиындық туғызуда.

Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – төрт түлік малды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындардың жағдайы аса ауыр. Елде орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық, жайлымдық жерлердің жағдайын кетірді және малдың шығынына әкелді. 2020 жылы Маңғыстауда 4883 мал басының өлімі тіркелсе, биыл тек қана бірінші тоқсан қортындысы бойынша малдың шығыны 1300-ден асты. Бұл мәлімет тек сырғаланған, тіркелген мал шығыны бойынша ғана, ал, облыстағы малдың 56% құрайтын қалың бұқараның қанша малы қырылғаны белгісіз. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп, қырылған мал басы 481-ге жетті. Осы жағдай мал азығының бағасын еселеп өсіріп жіберді. Маңғыстауда бір орама шөптің бағасы 15-17 мың теңге болса, бір кг арпаның бағасы 95 теңгеге жетті. Ал, көршілес Ақтөбе облысында сол бір орама шөп 4 мың теңге. Бағанның қымбаттауына әсер етіп отырған жол шығындары және осыдан пайда көруді мақсат тұтқан делдалдардың әрекеті.

Осы зауалдың кесірінен қаншама отбасы ауыр жағдайға ұшырады, қаншама шаруашылық жер сипап қалды?! Оның есебі бар ма? Осындай жұтта халыққа қалай көмек береміз?!

Әрине, халық бірінші кезекте Парламентке және Үкіметке үміт артады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылық министрлігі және жергілікті атқарушы билік жем-шөп жеткізу, қаржы бөлу сияқты шараларды іске асыруда. Алайда, бұл көмектер барлық мал шаруашылықтары мен жеке малы бар адамдарды қамтымайды және жеткізіліп отырған азықтың бағасы да қол жетімді емес.

Жалпы болып жатқан жағдай, әр өңірдің ерекшеліктерін ескерген, ғылыми зерттеулерге негізделген еліміздің мал шаруашылығын дамытуға арналған жүйелі-жоспарлы жұмыстың жоққа жақын екенін айқын көрсетіп отыр.

21 ғасырда космосты игеріп, Австралия мен Канададан асыл тұқымды мал алдырып, бүкіл елді цифрландырып жатқанда, малға азық тауып бере алмай жатқанымыз өте ұят! Қазақ атымызға сын емес пе?!

Осыған орай, бар малдың басын сақтап, тұрғындарға көмек көрсету үшін Үкімет пен жергілікті билік келесі шараларды тез арада атқару қажет деп есептейміз.

1. Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жергілікті дәрежедегі төтенше жағдай жарияланып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс;

2. Зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізу үшін көрші облыстардан тасымалданатын мал азығының жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет;

3. Қуаңшылықтан қиындық көріп отырған өңірлерге басқа облыстардан тез арада мал жаюға және мал азығын дайындауға жер телімдерін уақытша пайдалануға беруді ұйымдастыру керек;

4. Мұндай жағдай алдағы уақытта орын алу ықтималдығын ескеріп,  мал шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға жедел көмек көрсетудің, мал басын сақтандырудың, өңірлердің аймақаралық қатынастарын жүйелеудің нақты, кешенді механизмдері мен алгоритмдері жасақталуы тиіс.

Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылдауыңызды және заңда көрсетілген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері,  депутаттар                                                                 

Е. Жаңбыршин

А. Сарым

С. Мусабаев

Ғ. Амреев

С. Нақпаев

Қ. Абасов

Д. Тұрғанов

А. Абаканов

Г. Елеуов

М. Ахметов

«Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі, депутат

Б. Дүйсенбинов