The website color
Distance between letter distance
Images
31.03.2017

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 31 наурыз.  Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде бірқатар заң жобаларын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Олар зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне, сонымен бірге электр энергетикасы мәселелері бойынша түзетулерге қатысты болмақ.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне арналған маңызды заң жобасын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.

Осы заң жобасы бойынша түсіндірме жазбада айтылғандай, ағымдағы жылы шілдеден бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін өсіруді қамтамасыз ету үшін арттырылады.

Сондай-ақ, 2017 жылы бала тууына байланысты жәрдемақы көлемін 20 пайызға арттыруды қамтамсыз ету бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

Бюро отырысында Алматы қаласында, сәуір айында  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де қарастырылды.                          

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan