The website color
Distance between letter distance
Images
31.03.2017

Мәжіліс депутаты ТМД ПАА миссиясы бойынша бақылаушы ретінде Армениядаға парламенттік сайлауға қатысуда


Астана, 31 наурыз, Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов Арменияға 31 наурыз 3 сәуір аралығында жұмыс сапарымен барды.

Парламентші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер атынан бақылаушы ретінде қатысуда.

Мақсаты – Армения Республикасы Ұлттық жиналысына сайлауға әзірлік пен өткізілуінің мониторингін жасау.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan