The website color
Distance between letter distance
Images
09.01.2018

Мәжіліс депуттары «Смарт Орал» орталығына оң бағасын берді


9 қаңтар, Астана, Мәжіліс үйі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Бақтияр Мәкен, Жексенбай Дүйсебаев және Зәуреш Аманжолова жақында ашылған «Смарт Орал» халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Орталықта халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету мен құқықтық қызмет көрсету орталықтары, прокуратура өкілдері, адвокат, нотариус, медиаторлар орналасқан. Сонымен қатар орталықта электронды кезек, күту залы қамтамасыз етілген. Көрсетілетін қызмет түрі 618-ден 641-ге жеткен.

- Жақында ғана жұмысына кіріскен «Смарт Орал» орталығы ашылғалы бері үш бағыт бойынша 30 мыңнан астам қызмет түрлері көрсетілді. Олар – халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлік қызмет көрсету және құқық қорғау қызметі орталығы. Ішінара іске асырылған негізгі міндет халық үшін барлық қызметтерді автоматтандыру болып табылады. Бірнеше айдан соң мұнда «ақылды» ғимарат жобасын ұсынамыз, - деді БҚО әкімінің орынбасары Игорь Стексов.

 Сонымен қатар, әкімінің орынбасары көп ұзамай Зачаганск кентінде автокөліктерге арналған автоматтандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатынын, онда жүргізуші куәліктерін беру, нөмірді салыстыру және тағы басқалар жүзеге асырылатынын, яғни олар қызметтердің толық спектрін қамтамасыз ететінін жеткізді.

Мәжілісмендер барлық қызмет түрлерін бір орыннан көрсететін жобаның қажеттілігіне тоқталды.   

Өз кезегінде халық қалаулысы Зәуреш Аманжолова:

-     Аталмыш орталықтың әдеттегі халыққа қызмет көрсету орындарынан өзгешелігі бар. Бұл жерде шағын және орта бизнес өкілдеріне кешенді қызмет көрсететін арнайы кеңсе жұмыс істейді. Бұл жерде кәсіпкерлік нысанын ашу, ісін жүргізуге қатысы бар барлық мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет етеді. Ол дегеніміз жеке кәсіпкер осы орталыққа келіп, бүкіл шаруасын шешіп кетеді, - деді.

«Смарт Орал» орталығынан кейін депутаттар басқа жерлерде халықпен кездесулер өткізіп, өңірдегі жұмыс сапарын жалғастырды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-68-44, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұсынған)

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan