The website color
Distance between letter distance
Images
04.10.2020

Мәжіліс депутаттары Қырғыз Республикасындағы парламенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысты


Нұр-Сұлтан, 4 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары ағымдағы жылдың 4 қазанында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысты.

Қазақстандық тараптан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар миссиясының құрамында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман қатысты. Ал Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясының бақылаушыларының қатарында болса, Дархан Мыңбай ТүркПА-ның байқаушылар тобына кірді.

Сапар барысында қазақстандық депутаттар Парламентте, Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияда, сондай-ақ Қырғызстандағы саяси партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар 4 қазандағы сайлауда мәжілісмендер Бішкектегі сайлау учаскелерінде болып, ашылуына қатысты. Сондай-ақ, дауыс беру процесін, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығару барысын бақылады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Сурет Фото https://iacis.ru алынды)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan