ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Заң шығару қызметі
13.03.2024

Жұмыс тобының отырысында «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ қызметі туралы таныстырылым болды. Атап айтқанда, Компанияның Қазақстан халқын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы қызметінің негізгі және жаңа бағыттары туралы айтылды.

Сонымен қатар, жұмыс тобының бір мүшесінің заң жобасына қатысты жаңа ұсыныстары да талқыланды.

06.12.2023

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысу және сөз сөйлеу.

30.11.2023

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша. 

13.11.2023

Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасының таныстырылымы өтті. Заң жобасы Президент Жолдауы мен «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатымен әзірленген.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50720/1/1

07.11.2023

Дөңгелек үстелдің отырысында Бюджет кодексі жобасының келесі негізгі бағыттары талқыланды: мазмұнды оңтайландыру, нәтижеге бағдарланған бюджет қағидатын күшейту, мемлекеттік қаржының шоғырлануын қамтамасыз ету және оларды басқаруды қаматамасыз ету, бюджет процесін қайта реттеу, бюджеттік процесті түбегейлі оңайлату, мерзімдер мен кезеңдерді екі есеге қысқарта отырып, бюджет процесінің реинжинирингі, бюджет жобасына және жылдық есепке қоса берілетін бюджеттік ақпаратты кеңейту, бюджетті атқару элементтерін жетілдіру.

21.06.2023

«Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың, тартылған қаржы қаражатын жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің нысаналы пайдалануы мен инвестициялық бағдарламаларды орындауының тиімділігіне мемлекеттік аудит» атты аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының есебі туралы.

24.05.2023

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңының жобасы бойынша. 

16.05.2023

Мәжілісте Үкімет пен Жоғарғы аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы өтті. Жиынға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Такиев жетекшілік етті.  

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50119/1/1

Халықаралық қызметі
16.11.2023

Мәжіліс депутаттары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның жетекшілігімен Индонезия Республикасы Халықтық консультативтік конгресі ҚХА Парламентаралық ынтымақтастық комитетінің делегациясымен кездесті.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50733/1/1

01.11.2023

Кездесуде мүгедектігі бар адамдардың және халықтың мобильділігі төмен топтарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі одан арғы мақсаттар мен міндеттері талқыланды. 

10.10.2023

Бұл сапар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылды.

Депутаттық сауалдар
27.03.2024

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны, осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып табылатынын атап өтті.

Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салықтық төлемдер 10,6 трлн. теңгені құрады. Қазынаға бес мыңнан астам жер қойнауын пайдаланушыдан қаражат түсті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы геологиялық барлауға ерекше назар аударды.

06.03.2024

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің мүгедектік белгісі бойынша кемсітусіз әлеуметтік қорғауға және осы құқықты іске асыруды көтермелеуге мойындайтынын және осы құқықты іске асыруды қамтамасыз ету мен көтермелеуге тиісті шаралар қабылдайды. 

27.06.2023

Мүгедектігі бар адамдардың, өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қалын жұрт хабардар еместігін атап өту қажет.

24.05.2023

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында практикада қимылы шектелген азаматтардың қандай да бір объектіге қалай жететіні және оның ішінде жүріп-тұру туралы айтпағанның өзінде, өз үйлерінен көшеге өздігінен шығуға да мүмкіндігі бола бермейді. Осынау алаңдатарлық әрі ыңғайсыз жағдайды түбегейлі өзгерту қажет. «Есіктен есікке» қағидаты бойынша мүгедектігі бар адамдардың сұранысқа ие объектілерге кедергісіз кіруін қамтамасыз ететін пәрменді нормативтік құқықтық актілерді шұғыл қабылдау керек деген болатын.

Аймақтағы жұмысы
04.01.2024

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

11.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

10.07.2023

Мәжіліс спикері, «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облысында болды. Онда өңірдегі әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындарды аралап, тұрғындармен партиялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50347/1/1

05.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

05.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

04.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

04.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

04.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Қазақстан Республиксы Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан аймақтарына халықпен кездесуге шығуы аясында. 

03.07.2023

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Атап айтсақ, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев және Ерлан Абдиевпен жүздесіп, облыстың,елдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Депутаттар заң шығарушы орган тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті. Бұл ретте Түркістан облысы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілгеніне де тоқталды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/583719?lang=kk

Сөздері, мақалалары мен жарияланымдары
26.12.2023

Бүгін Мәжілісте вице-спикер Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағаты өтті. Сауда саясатын дамытудағы Үкіметтің іс-шаралары жөнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50848/1/1

19.12.2023

Бағдарламада мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелері талқыланды.

https://khabar.kz/ru/vse-vypuski-itogi/item/156103-zhizn-bez-ogranichenij-itogi

05.12.2023

Өзгерістер дәуірінде, сая­сат жай өзгеріп қана қой­май, қызу қайнап жат­қан кезінде депутаттық ман­­даттардан мүгедектігі бар азаматтарға квота бе­рілуі Президенттің рефор­ма­ларының ең бір револю­ция­лық сипатын айшықтай түседі.

https://aikyn.kz/259510/barshag-a-ten--berilgen-mumkindik---erlan--bdiev

11.11.2023

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалатыны анық. Ерекше қажеттілігі бар жандарға оң көзқарасымызды салып, оларды қандай мәселелер толғандырады деген сауалдарға жауап іздеп, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан ӘБДИЕВКЕ жолығып, сұхбат құрдық.

https://astana-akshamy.kz/erekshe-zhandar-nazardan-tys-qalmawy-qazhet/

11.10.2023

Өңірлерге шығу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсенованың ақпаратына қатысты. 

10.10.2023

«Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобалары бойынша. 


06.06.2023

Қазақстанды мүгедектерге ыңғайлы ету үшін 9 трлн теңге керек – Ерлан Әбдиев. 

Мәжіліс депутаты мүгедектігі бар азаматтарға әуе компаниялары жеңілдік жасауы қажет екенін айтады. 

https://halyq-uni.kz/kozkaras/21265-deputat-erlan-bdievpen-suk-bat/

Қызмет орталығы
29.04.2024

Депутаттық топтын отырысында Ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы министрліктердің, Астана қаласының әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді инфрақұрылым құруды республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі талқыланды. 

05.04.2024

Жобаның бас демеушілері "Самрұқ-Қазына" АҚ-ның компаниялары тобы және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. 

11.03.2024

Депутаттық топтын отырысында «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысын орындау жөніндегі ұсынымдарды қарау қорытындылары бойынша орталық уәкілетті мемлекет органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жауаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірленуі талқыланды.

19.12.2023

2023 жылдың 19 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Т. Әбдиевтің төрағалығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, туризм және спорт министрліктері және «Nasledie» Қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста мүгедектігі бар балалардың және олардың ата-аналарының жағдайын жақсарту, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін жетілдіру, Мүгедектігі бар адамдардың дүниежүзілік күніне арналған шаралар және мүгедектігі бар адамдарға арналған мәдени көпшілік шаралар, спорт және туризмнің дамуы мәселелері талқыланды.

01.12.2023

Депутаттық топтың отырысында ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдардың инклюзивті білім беру және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша қоғамдық ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету мәселелері қаралды.

09.11.2023

Құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығынан екі есе асып түсті. 350 мыңнан астам қазақстандық азамат осындай ойындарға тәуелді. Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгін Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды.

https://amanatpartiasy.kz/faction-news/news-detail/304301?lang=kz

02.11.2023

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Т. Әбдиевтің төрағалығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс, көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, төтенше жағдайлар, ішкі істер, сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Үкіметтің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі Ұлт жоспарының басым бағыттарының іске асырылу барысы туралы ақпарат тындалды.

24.10.2023

«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жолаушылар және жук тасымалдарының проблемалық мәселелері мен ағымдағы жай-күйі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркуйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ны толыққанды көліктік-логистикалық компанияға трансформациялау" атты Комитеттін кеңейтілген отырысына қатысу.

17.10.2023

Комитеттін отырысында "2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобалары талқыланды. 



08.09.2023

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Т. Әбдиевтің төрағалығымен Парламентаризм институты өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі одан арғы мақсаттар мен міндеттерді талқылау үшін «Инклюзивті Парламент» депутаттық тобының екінші отырысы өтті.

30.06.2023

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50292/1/1

27.06.2023

Комитеттің көшпелі отырысы барысында «ҚИДО «ASTANA INVEST» ЖШС Басқарма төрағасының А.М. Нигматовтың баяндамасы нәтижелері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттары "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймақты дамыту туралы" мәселесін талқылады.

Келесі кәсіпорындарға барды: "Единый консолидирующий центр" ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша зауыты, "Digital system service" ЖШС модем шығару зауыты, "ATM Construction & Investment" ЖШС көпсалалы зауыты, Orbis Heavy Machinery автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыты және Modex құрылыс зауыты. 

06.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда Экономикалық реформа және өңірлік даму Комитеттің «Тұрғын үй саясатын іске асыру туралы» (Қолжетімді тұрғын үй: ағымдағы ипотекалық бағдарламаларды жетілдіру, проблемалар және оларды шешу жолдары. Мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету)» атты тақырыптық отырысы өтті. Депутаттар алдында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі А.Ө. Бейспеков, «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Л.Е. Ибрагимова баяндама жасады. Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Дүйсебайұлы Оспанов та қатысты.

06.06.2023

Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «SKAT», «Эйр Астана», «Qazak Air» авиакомпанияларының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың басында Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Е.Т. Әбдиевтің қатысуымен мүгедектігі бар адамдар мен олармен бірге жүретін адамдар үшін жоғарыда аталған авиакомпанияларға арналған билеттердің нақты бағасы туралы бейне-ролик көрсетілді.

30.05.2023

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков баяндама жасады. Басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйледі. Комитеттің тақырыптық отырысына Ұлттық экономика министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қаржы министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Комитет депутаттары шекара аумағын дамыту бойынша өзекті мәселелерді көтерді.

23.05.2023

Комитеттің тақырыптық отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

22.05.2023

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. Комитет отырысына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Абай облыстық мәслихатының төрағасы, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС және т.б. байланыс операторларының өкілдері қатысты.

18.05.2023

Өңдеу өнеркәсібін өсіру және терең өңделген өнімнің шығарылуын ұлғайту бөлігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында 2023 жылғы 18 мамырда машина жасауды дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету мәселелеріне қатысты отырысы өтті. 

17.05.2023

Мәжілісте өткен Үкімет сағаты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында ғылымды дамытуға арналды. Отырысты ашқан Палата төрағасының орынбасары Дания Еспаева Президенттің ғылымды дамытуға айрықша басымдық бере отырып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктегенін атап өтті.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50121/1/1

10.05.2023

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар кейбір заңнамалық актілерге жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Сонымен қатар 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақтың арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялады.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50093/1/1

03.05.2023

Мәжіліс депутаттары ТМД елдері арасындағы жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі келісімді және Кеден одағының аумағындағы еркін экономикалық аймақтар жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50073/1/1

Басқалары
29.01.2024

Атқарушы директордың кеңесшісі бірлестік қызметінің бағыттары, жер қойнауын пайдалану, салық салу, теміржол тасымалы саласындағы тау-кен және металлургиялық кәсіпорындардың проблемалық мәселелері, оларды шешуде Қауымдастық атқарушы және өкілді органдармен, кәсіптік одақтармен әлеуметтік әріптестікті дамытуда өзара іс-қимылмен қатысатыны туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар геологиялық барлау және жалпы тау-кен жұмыстарын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты, бірлескен жұмыстардың әлеуетін талқылады, саланың өзекті мәселелері бойынша алдағы өзара іс-қимыл жоспарларын белгіледі.

30.11.2023

Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

30.11.2023

Экскурсия барысында шақырылған тұлғалар биліктің заң шығару тармағының жұмысы мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының жұмысымен танысты. 

25.10.2023

«Қанаттылар инклюзивті театр» қатысушылары «Өмір-ғайып» тақырыбында қойылым көрсетеді. Бұл драма өмір жолында қиындықтарға қарамай күресіп келген жас қыз туралы. 20 жыл өткен соң анасы баласымен кездесе ала ма? Қойылым барша көрерменді таң қалдыруға дайын.