Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
31.03.2024

Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Қанат Бозымбаевтың кандидатурасына келісім берді


Астана, 31 наурыз Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары лауазымына Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың кандидатурасы келісілді. 

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.  

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі