Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Үкімет сағаты


19.06.2023

Үкімет сағаты

2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыс залында «Қант қызылшасы өндірісін ұлғайту мәселелерін қоса алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері импортын алмастыру, оларды өңдеу және сақтау мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев аталған тақырып бойынша баяндама жасады. Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.Р.Егізбаев қосымша баяндама жасады.Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар жобасы әзірленді.

05.06.2023

Үкімет сағаты

2023 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыстар залында «Қазақстан Республикасының елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы»тақырыбында Үкімет сағаты өтті.Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыров баяндама жасап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Н.С. Сабильянов қосымша баяндама жасады.Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар жобасы әзірленді.

17.05.2023

Үкімет сағаты

2023 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыс залында «Ғылымды дамыту туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек баяндама жасады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Аймағамбетов қосымша баяндама жасады.

05.12.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі жобасының негізгі бағыттары туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова баяндама жасады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова қосымша баяндама жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

14.11.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыстар залында «Балық шаруашылығын дамыту туралы» тақырыбында үкіметтік сағат өтті. Аталған іс-шарада Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады. Сонымен қатар Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы А. А. Милютин қосымша баяндама жасады

17.10.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырыстар залында "Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы" тақырыбында үкіметтік сағат өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев баяндама жасады. Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің төрағасы А. П. Рау қосымша баяндама жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

10.10.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Ауылдық жердегі денсаулық сақтау: қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният баяндама жасады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова қосымша баяндама жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

06.06.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Газ саласын дамыту перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Б.У. Ақшолақов және «QazaqGaz» ҰК» АҚ төрағасы С. С. Жаркешов баяндама жасады. Қосымша баяндамамен экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Милютин сөз сөйледі, Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

25.04.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы» Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыров баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы А.П. Рау жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

04.04.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау және ветеринария жүйесін реформалау шаралары туралы» Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Е.Х. Барлыбаев жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

28.03.2022

Үкімет сағаты

«Атқарушылық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағаты 2022 ж. 28.03 Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ.С. Мусин баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы А.Т. Қожахметов жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

28.02.2022

Үкімет сағаты

2022 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасындағы ішкі туризімнің проблемалары мен даму перспективалары туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спортминистрі Д.Ә. Абаев баяндама жасады, Қосымша баяндаманы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы А. П. Рау жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

20.12.2021

Үкімет сағаты

2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында. «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы» атты тақырыбында Үкімет сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы ЖАМАУБАЕВ депутаттар алдында баяндама жасады. Үкіметтік сағаттың қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.

06.12.2021

Үкімет сағаты

2021 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы» тақырыбында үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Милютин жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

08.11.2021

Үкімет сағаты

2021 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау туралы» Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.З. Тұрғымбаев баяндама жасады. Қосымша баяндаманы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы А.Т. Қожахметов жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

25.10.2021

Үкімет сағаты

2021 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жақсарту» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусин баяндама жасады, Қосымша баяндаманы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы А.П. Рау жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

11.10.2021

Үкімет сағаты

2021 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында "Қазақстан Республикасындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы" тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой баяндама жасады, Қосымша баяндаманы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д. Н. Нұрманбетова жасады. Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

10.02.2020

Үкімет сағаты

2020 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік аудитті одан әрі дамыту» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы СМАЙЫЛОВ депутаттар алдында баяндама жасады. Үкіметтік сағаттың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

18.11.2019

Үкімет сағаты

«Ұлт жоспары– 100 нақты қадамның 98-қадамы шеңберінде IV деңгейдегі бюджетті енгізу» тақырыбындағы Үкімет сағаты

04.11.2019

Үкімет сағаты

2019 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылының қорытындылары және Волонтер жылын өткізуге дайындық туралы» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Әскербекұлы АБАЕВ депутаттар алдында баяндама жасады. Үкіметтік сағаттың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.