Әуесбаев
Нұрлан
Сатыбалдыұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Құжаттарсыз салынған тұрғын үйлерге азаматтардың құқықтарын біржолғы заңдастыруға жәрдемдесу (легализация) мәселесі туралы депутаттық сауал

2023 жылғы 15 қараша жарияланды                                                                                                  

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа


ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ресми құжаттарсыз салынған тұрғын үйлерге азаматтардың құқықтарын біржолғы заңдастыруға  жәрдемдесу (легализация) мәселесі бойынша депутаттық сауалды жолдайды.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті болып табылады.   

Еліміздің түкпір-түкпірінде әрбір елді мекенінде, заңды түрде айтар болсақ «өз еркімен», алайда жергілікті атқарушы органдардың ауызша рұқсатымен салынған тұрғын үйлер көп. Бір екі үй емес ондаған, жүздеген үйлер біртұтас шағын аудандар салынған. 

Алысқа бармасақта болады, мысалы Астана қаласының төңірегінде  орналасқан «Өндіріс» шағын ауданының тұрғындары бізге жүгінді.

2004 жылдан бастап кентте 400-ден астам үй салынды, онда 1500-нан астам адам тұрады, алайда 19 жыл бойы осы шағын ауданның тұрғындары өздерінің тұрғын үйлеріне құқық беретін құжаттарын әлі күнге дейін рәсімдей алмай жүр.

Бұл тұрғындар ешқандай статистикалық есептерде көрсетілмеген, еш қай мекен жайда тіркелмеген, адамзаттың негізгі қажеттіліктері, қарапайым білім алу мен медициналық көмек алуға қол жеткізе алмай отыр.

Алдыңғы жылдарда Астана қаласының әкімдері Өмірзақ Шөкеев, Асқар Мамин, т.б. әкімдер осы шағын ауданның тұрғындарына олардың үйлері заңға сәйкес рәсімделеді, электр және сумен жабдықталады деп бірнеше рет уәде берген.

Егер бұрын Елорда әкімдері кем дегенде адамдарға құжаттарын рәсімдеуге уәде берсе, қазір әкімдік бұл мәселеден мүлдем шеттетілді.

Баспаған табалдырығы, қақпаған есігі қалмаған халық алаңдаушылықтары мен наразылықтарын білдіріп,  әлеуметтік жанжалдың алдында тұр. Ал уәкілетті органдар мен әкімдіктер шара қолданудан бас тартуда.

2006 жылы Алматы қаласындағы Шаңырақ шағын ауданымен байланысты болған қайғылы оқиғалар бәріміздің есімізде сақталды.

Егер Үкімет осы мәселені шешу үшін тиісті шаралар қабылдамаса, Елордада осындай қайғылы сценарийдің қайталануы әбден мүмкін.

Өкінішке орай, мұндай мысалдар Ел бойынша аз емес. Ең алыс шалғайдағы ауылдарда құжаттарсыз, рәсімдей алмай жүргендер өте көп.

Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің көптеген сөздерінде жаңа Қазақстанда азаматтарымыздың заңды құқықтарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан еді. 

Осыған байланысты ЖСДП партиясының фракциясы Үкіметке келесі ұсынымдар жасайды:

1. Барлық Республика бойынша ресімделмеген тұрғын үйлер мен жер учаскелеріне мониторинг жүргізілсін;

2. Осы жер учаскелері мен тұрғын үйлерді бір реттік заңдастыру (легализация) жүргізілсін;

3. Заңсыз салынған үйлердің жаңа фактілерінің туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдансын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде барлық көрсетілген сұрақтарға, оларды шешу және кемшіліктерді жою жолдары бойынша жауап беруіңізді сұраймын.

Депутаттық сауалды қарау нәтижелері және оларды іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

Жалпыұлттық социал-

демократиялық партиясы

фракциясының депутаттары

                                                                             Н. Әуесбаев

А. Рақымжанов

А. Сағандықова

Н. Сайлаубай

«AMANAT» партиясы

фракциясының депутаты                                         

Б. Керімбек