Әуесбаев
Нұрлан
Сатыбалдыұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауалдар
15.02.2024

Кәсіпкерлердің басым бөлігі салық төлеудің оңайлатылған режимімен жұмыс істейді. Бұл режим бойынша айналымнан 3% (пайыз) салық төлейді. Бұл кезекте бухгалтерлік есеп жүргізбегенімен, кеңсені жалдау ақысы, коммуналдық қызмет, логистика, жұмысшыға төленетін еңбекақы, тағы да басқа қызметтерге қалтасынан кететін шығын шаш етектен болып отыр.

16.11.2023

Еліміздің түкпір-түкпірінде әрбір елді мекенінде, заңды түрде айтар болсақ «өз еркімен», алайда жергілікті атқарушы органдардың ауызша рұқсатымен салынған тұрғын үйлер көп. Бір екі үй емес ондаған, жүздеген үйлер біртұтас шағын аудандар салынған. 

04.10.2023

Менің депутаттық сауалым нақты уақыт режимінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушысы мен теңгерімдеуші нарығының моделін енгізуге қатысты. Бұл өзгерістер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгені белгілі.

29.06.2023

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың  2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2 400 ауылдық елді-мекен жабылудың алдында тұр, бұл дегеніміз 750 мыңнан астам ауыл тұрғынының алдағы тағдыры шешілмек деген сөз. 

24.05.2023

Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толады. 40 жыл ішінде онда 468 ядролық сынақ өтті. Барлық жарылыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе көп болған еді. Яғни, аймаққа орны толмас экологиялық залал келтірілді. Біздің алдымызда әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер қалуда.

10.05.2023

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлық туралы бірнеше рет мәселе көтерді. Соңғы екі сайлау науқаны барысында біз осы жағымсыз құбылысқа белсенді назар аудардық.

26.04.2023

Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордың салымшылары 11 млн-нан астам қазақстандық болып табылады және дәл осы есебінен Қор салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруда.

Аймақтағы жұмысы
22.05.2023

2023 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары "University medical center" КҚ-ның Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына балалар онкологиясының проблемалық мәселелерін қарау мақсатында барды

Сөздері, мақалалары мен жарияланымдары
07.06.2023

Парламент сессиясының ашылуында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламентті заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі заңның қабылдануын жеделдетуге шақырған еді.

Қызмет орталығы
05.05.2023

2023 жылдың 5 мамырында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстандағы діни ахуал. Радикализм мен экстремизмге қарсы күрес. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың насихатталуы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

21.04.2023

2023 жылғы 21 сәуірде сегізінші сайланған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің бірінші сессияға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» тақырыбында Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

11.04.2023

Кездесу барысында қазақстандық ғылымды дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын лицензиялау мәселелері талқыланды.

06.04.2023

Кездесу барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың перспективалары мен міндеттері, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.