Әуесбаев
Нұрлан
Сатыбалдыұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауыл тұжырымдамасы туралы депутаттық сауал

2023 жылғы 27 маусым жарияланды

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қазақстандықтардың – пай жерлері иелерінің құқығы бұзылып жатқандығы туралы депутаттық сауалын бірінші рет жолдап отырған жоқ.

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың  2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес 2 400 ауылдық елді-мекен жабылудың алдында тұр, бұл дегеніміз 750 мыңнан астам ауыл тұрғынының алдағы тағдыры шешілмек деген сөз. Миллиондаған гектар жер иесіз қалуы мүмкін.    

ЖСДП фракциясы Үкіметтің мұндай саясатын қолайсыз деп санайды және тұжырымдаманы қайта қарауды ұсынады.  

Өз кезегімізде, үкімет алдағы жылдары «жоюды» жоспарлап отырған ауылдардың жағдайына талдау жасай отырып, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы ауыл тұрғындарын пай жерлерінен біржола айырып, сол жерлерде өз активтерімен қалғысы келетін адамдардың пайдасы үшін жасалғандай әсер қалдырып отыр. Біз егер Жаңа Қазақстан құрғымыз келсе, бұл өзекті мәселеге жаңаша қарау қажет.

Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Жалпыұлттық социал-

демократиялық партиясы

фракциясының депутаттары                                    

Н. Әуесбаев

А. Рақымжанов

А. Сағандықова

Н. Сайлаубай

«Ауыл» халықтық-демократиялық

патриоттық партиясы

фракциясының депутаты                                        

А. Зейнуллин

Қазақстан Халық партиясы

фракциясының депутаты                                         

И. Смирнова