МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мүгедектігі бар адамдарға арналған гигиеналық құралдардың көлемін ұлғайту мәселесі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атына 05.04.2023 ж.ДЗ-42 депутаттық сауалы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

 (тізім бойынша)

06.04.2023 жылғы

ДЗ-42

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2023 жылғы 5 сәуірде жарияланған гигиеналық құралдардың көлемін арттыру мәселесі жөніндегі депутаттық сауалды қарап, келесіні хабарлайды.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар барлық адамдарға, оның ішінде ауруына қарамастан мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Мүгедектігі бар балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2010 жылдан бастап мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) кәмелетке толғанға дейін тағайындалатын және төленетін жәрдемақы енгізілді.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдар медициналық көрсетілімдерге сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз етіледі.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес (ҚР ЕХӘҚМ 27.12.2021 ж. № 502 бұйрығы) мүгедектігі бар адамдар мынадай міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі:

1) жөргектер – жылына 730 дана;

2) несеп қабылдағыштар (уроқабылдағыштар) – жылына 365 дана;

3) нәжіс қабылдағыштар – жылына 365 дана;

4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – жылына 365 дана;

5) катетерлер – жылына 12 дана;

6) спинабифида (Spinabifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар үшін бір рет қолданылатын катетерлер – жылына 2190 дана;

7) паста-стоманың айналасындағы теріні қорғауға және тегістеуге арналған герметик – жылына 12 дана;

8) стоманың айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған крем – жылына 12 дана;

9) стоманың айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа) – жылына 12 дана;

10) иісті бейтараптандырғыш – жылына 12 дана;

11) стома айналасындағы немесе қасаға тұсындағы теріні күтуге және өңдеуге арналған тазартқыш – жылына 12 дана;

12) санитарлық жабдықтары бар кресло-орындық қамтамасыз етіледі.

Көмектің қандай да бір түрлерін енгізу кезінде қызмет алушылардың ерекшелігі және қажеттілігі, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері ескеріледі.

Мысалы, 2015 жылдан бастап жөргектердің нормалары жылына 480 – ден 730 данаға дейін, несеп қабылдағыштар – жылына 12-ден 365 данаға дейін, нәжіс қабылдағыштар – жылына 12-ден 365 данаға дейін ұлғайтылды.

2019 жылдан бастап Spina bifida диагнозы қойылған мүгедектігі бар балаларға арналған бір реттік катетерлер енгізілді, ал 2022 жылдан бастап бұл катетерлер 18 жастан асқан Spina Bifida диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Spina Bifida диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір реттік майланған катетерлермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 328, 6 млн. Теңге сомасында қосымша қаражат қарастырылған.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап берілетін жөргектер санын күніне 4 дана есебінен жылына 1460 данаға дейін ұлғайту мәселесі пысықталуда.

Жалпы, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында. Берілетін құрылғылар мен міндетті гигиеналық құралдар санын одан әрі ұлғайту мәселесі мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып қаралатын болады.

Министр                                                                             Т. Дүйсенова