МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
2023ж. 18.10. №ДЗ-387 "Қазақстан халқына" Басқарма төрағасының орынбасары Л. Чинкисбаеваның Қазақстандағы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспары туралы жауабы

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің Депутаттары

М. Мағеррамовқа, И. Смирноваға,

И. Сұңқарға, Г. Танашеваға

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б. Дүйсеноваға жіберілген депутаттық сауалды қарастырып, төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 874 қаулысымен Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді, онда қор жекелеген іс-шаралардың қаржыландырушы тарабы ретінде әрекет етеді.

Кешенді жоспар шеңберінде Қор онкологиялық қызметті жабдықтармен қамтамасыз етуді, онкологиялық пациенттерге арналған инновациялық таргеттік дәрілік препараттардың спектрін кеңейтуді және онкологиялық қызмет мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

Онкологиялық препараттармен қамтамасыз ету бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар ересек азаматтарды емдеуге арналған 15 дәрілік заттың тізімін ұсынды.

Кешенді жоспар бекітілген күннен бастап Қор қайырымдылық көмек көрсету үшін арнайы баға ұсыныстарын ұсыну бойынша өндіруші компаниялардың өкілдіктерімен, дәрілік заттардың ресми дистрибьюторларымен келіссөздер жүргізді.

Бүгінгі күні Қор азаматтарды дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін дистрибьютордың қоймасына қойылған 14 онкологиялық дәрілік затты сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша шарттар жасасты және өңірдің денсаулық сақтау басқармасының өтінімдері бойынша атаулы көмек көрсету үшін өңірлердің онкологиялық қызметтеріне дәрілік заттарды жеткізу жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта азаматтарға атаулы көмек көрсету үшін дәрілік заттарды жеткізу шарттарына қол қою бойынша «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен және онкологиялық қызметтерімен жұмыс жүргізілуде. 

Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Басқарма Төрағасының орынбасары

Л. Чинкисбаева