Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Сайлаушылармен кездесу мақсатында депутат Еркебұлан Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысына келді

 Сайлаушылармен кездесу мақсатында депутат Еркебұлан Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысына келді. Есіл ауданының Явленка және Николавка ауыл тұрғындарымен кездесті.

Явленка ауылында AMANAT партиясының сайлауалды бағдаламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына енгізіліп, салынған  Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.Нысанның құрылысы 2020 жылдың басында басталып, 2023 жылдың желтоқсанында берілді. Жобаның құны -473 млн.теңге.

Кешен 4 жаттықтыру залынан тұрады және күніне 140 адамның спортпен айналысуға мүмкігі бар.

Сонымен қатар депутат  Николаевка мектеп-инернататының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Мектеп-интернат 2004 жылы салынған. AMANAT партиясы Жол картасының аясында 2023 жылдың қыркүйек айында кұрделі жөндеуден өткен.Қазіргі таңда интернатта 24 бала тұрады.

Әрі-қарай Е.Мәмбетов жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген мәселелерді алдыға тартты. Атап айтсақ, Николаевка ауылының маңында 2023 жылы Сергеевка қаласынан Николаевка ауылына дейінгі Петропавл - Жезқазған республикалық трассасына жөндеу жүргізілді, ағымдағы жылы Петропавл қаласына қарай жөндеуді жалғастыру жоспарланғаны және Қаратал ауылында мобильді байланыстың болмауы көтерілді.

Бұл мәселелерге қатысты депутат тұрғындарға түсіндіріп берді.  "Қазавтожол" АҚ  деректері бойынша 2023 жылдың қыркүйек айында Николаевка ауылынан Покровка ауылына дейінгі ұзындығы 40 км "Жезқазған-Петропавл" а-16 жолының учаскесін орташа жөндеуге оң ведомстволық қорытынды алынды,  қаражаттың бөлінгеннен кейін жобаны іске асыру 2024 жылы жоспарланып отыр.

2024 жылы Қаратал ауылында антенналық-діңгекті құрылысын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта АДК салу үшін жер учаскесін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан әрі жабдықты бар мұнараға орнату үшін мобильді операторлармен жұмыс жүргізілетін болады.