VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы
Мәжіліс депутаттары жаз мезгілінде құрғақшылықпен, сондай-ақ тамыз-қыркүйек айларында қатты жаңбырмен байланысты фермерлер мәселесін Үкімет алдында бірнеше рет көтеріп келеді
«Отбасы банкі» қызметін қайта қарау, оның бағытын облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалаларға, ауылдарға қайта бағдарлау қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың жоспарлары талқыланды.
Ауыл шаруашылығында қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар салдарынан қалыптасқан ағымдағы жағдайды талқылау бойынша Аграрлық мәселелер Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.
Депутат Е. Мәмбетов және Мәжілістің басқа депутаттары "Ауылдық елді мекендерді сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз ету" тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысына қатысты.
Отырысты өткізу барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті мемлекеттік қолдаудың өзгертілген тәсілдерін ұсынды, Аграрлық кредиттік корпорация мен Қазагроқаржы өкілдері қатысушыларды өз қызметінің негізгі бағыттарын атап, қаржылық көрсеткіштерін, қаржыландыру бағдарламаларын және ұсынылатын кредиттік өнімдер желістерін таныстырып өтті.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің тақырыптық отырысы өткізіліп, онда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ағымдағы жылға арналған бюджеті талқыланды.
Мәжілісте "Қоғамдық бақылау туралы" ҚР заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
Депутат Е.Мәмбетов Алжир Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камал Фениш мырзамен кездесуге қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Е.Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылының кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасарына депутаттық сауал жариялады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің атына жариялаған депутаттық сауалында депутат Е. Мәмбетов салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары қызметінің проблемаларын атап өтіп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Ауылдарда жұмыс орындарының қысқаруы байқалады. Жыл сайын тұрғындар жаппай қоныс аударып келе жатқан ауылдардың саны артып келеді.
Депутат Е.Мәмбетов өзінің депутаттық сауалында жұмыртқа шығаратын құс шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдайына назар аударды.
Депутат Е.Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысының басты проблемаларының бірі - халықты табиғи газбен қамту мәселесін депутаттық сауалында көтерді.
Депутат Е.Мәмбетов Пресновка ауылында әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Еркебұлан Мәмбетов Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка және Николавка ауыл тұрғындарымен кездесті.
Депутат Қызылту, Ленинградское және Талшық ауылдарытұрғындарымен кездесі
Депутат Кішкенекөл ауылындағы "Жолдасбай Агро" шаруа қожалығының сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты
Ауыл тұрғындары жайылымдық жерлердің тапшылығы мәселесін көтерді
Депутат Е.МәмбетовПетерфельд ауылының тұрғындарымен кездесіп, Петерфельд ауылының су тарату желісінің құрылысымен танысты
Депутат Е.Мәмбетов Бескөл ауылындағы орталық балалар кітапханасының күрделі жөндеуімен танысты, сонымен қатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында сайлаушылармен кездесу үшін депутат Еркебұлан МәмбетовТайынша ауданының Красная Поляна ауылында " Зеленые луга" ЖШС сүт-тауар фермасының қызметкерлерімен кездесті.
Депутат Еркебұлан Мәмбетов Тайынша ауданында Теңдік ауылының тұрғындарымен кездесті.
Тайынша қаласында депутат Е.Мәмбетов 600 орындық №1 орта мектеп пен хоккей корты құрылысының барысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентіне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдарымен кездесуге келді.
Е.Мәмбетов және басқа Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан Бөрте Милка ЖШС-нің автоматтандырылған жаңа технологиялық тауарлық сүт фермасының жұмысымен танысты.
Е. Мамбетов және ҚР Мәжілісінің басқа депутаттары "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС-не жол түсті.
2023 жылғы 12 мамырда Түркістан облысында жеміс-көкөніс және суармалы егіншілік мәселелері жөніндегі комитеттің көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырыстың мақсаты Үкіметтік сағатқа дайындық аясында, жеміс-көкөніс саласының ағымдағы жай-күйін, дамуын және проблемалық мәселелерін талқылау болып табылады.
Депутаттар Шымкент қаласының маңында орналасқан "Адель" шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Депутат Е. Мәмбетов Мемлекет басшысының Еуразиялық экономикалық форумда айтылған сөздерін қолдады
Азаматтар "AMANAT" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында жер учаскелеріне, дәрігерлердің қателігіне қатысты және т.б. мәселелер бойынша шағымдарын айтып келді