Мәмбетов
Еркебұлан
Нұрмағамбетұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Е.Мәмбетов ҚР денсаулық сақтау министріне сауал жариялады

Депутаттық сауал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріне жолданады

Құрметті Ажар Ғиниятқызы!

Мемлекет басшысы өзінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін.Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында салауатты өмір салтын насихаттауды күшейтудің, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

2014-2016 жылдар аралығында салауатты өмір салтын қалыптастырудың Мемлекеттік орталықтары таратылып, бәсекелестік ортаға берілгені белгілі.

Жекешелендірудің басты шарты-Денсаулық сақтау, атап айтқанда салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі қызметті міндетті түрде сақтау.

Бүгінгі таңда СӨС қызметі республикалық деңгейде ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен ұсынылған .

2009 жылдан бастап ҚР Үкіметі СӨС насихаттауға бағытталған республикалық нысаналы ағымдағы трансферттерді қалыптастырды, оларға сәйкес қаржыландыру жүзеге асырылды.

2018 жылдан бастап СӨС насихаттау жөніндегі қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңымен реттеледі, бұл іс-шараларды өткізу сапасын түбегейлі өзгертіп, нашарлатып қана қоймай, СӨС орталықтарының қаржылық жағдайын да дүр сілкіндірді.

Қазіргі уақытта барлық бұрын жекешелендірілген СӨСҚ орталықтарының ішінен жыл сайын шамамен 15-25% конкурсқа қатысады және өтеді, қалған 75-85% мемлекеттік тапсырысты баға демпингі арқылы тәжірибесі мен білікті мамандары жеткіліксіз ұйымдар (ЖК, ЖШС, жеке мекемелер) алады, бұл сайып келгенде көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді.

Жоғарыда аталған барлық проблемалар мемлекеттік саясатты толыққанды іске асыруды қамтамасыз етудің бұзылуына және халықтың СӨС жөніндегі іс – шаралармен қамтылуының 2022 жылдың қорытындысы бойынша 9,8% - ға дейін төмендеуіне әкелді (2019 жылы-55,4%).

Өскелең ұрпақ арасында СӨС бойынша жұмыс ең өзекті болып табылады, ол өкінішке орай өздігінен басталды. Қазірдің өзінде темекі компаниялары мен энергетикалық сусындар өндірушілерінің агрессивті жарнамасы электронды темекі шегетіндер мен темекі шегетіндердің көбеюіне, сондай-ақ энергетикалық сусындарды, әсіресе жасөспірімдер мен жастарды бақылаусыз тұтынудың артуына әкеліп соқтырады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты біз келесі ұсыныстарды енгіземіз:

1.Техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 154-бабының орындалуын ескеру қажет-салауатты өмір салтын қалыптастыруды Денсаулық сақтау субъектілері ғана қамтамасыз етеді;

2.СӨС насихаттау және қалыптастыру бойынша қызметтер көрсету кезінде аумақтық қағидатын бекіту;

3.СӨС насихаттау жөніндегі қызметтерді стратегиялық әріптестік арқылы сатып алуды көздеу.

4. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы іс-шаралар өткізу сапасын жақсарту, қызметтер көрсету мониторингі мен бақылауын жүргізу, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мақсатында өңірлік орталықтармен өзара іс-қимылды күшейтсін;

Жауапты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазбаша нысанда беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,"AMANAT" фракциясының депутаттары