Нажметдинұлы
Болатбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутатский запрос касательно механизма и условия проведения государственными органами государственных закупок способом из одного источника

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

О.А. Бектеновке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ


Елдегі қоғамдық-саяси және экономикалық процестерді тиімді мемлекеттікреттеуді жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтердімемлекеттік сатып алудың тиімді жүйесі де маңызды рөл атқарады.«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын қарау барысында шешудіталап ететін өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік органдардың бір көзден алутәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу тетігі мен шарттары болып табылады.Қолданыстағы құқық қолдану практикасы көрсеткендей, мемлекеттік сатыпалудың осы әдісінің жетілмегендігіне байланысты мемлекеттік қаражат жиітиімсіз жұмсалады, адал бәсекелестік қағидаты бұзылады және сапасызтауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді алу фактілері жиі кездеседі.Бір көзден мемлекеттік сатып алудың тиімсіз жүйесінің осындай жарқынмысалдарының бірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлігінің (бұдан әрі – ҚР АШМ) ветеринариялық препараттардымемлекеттік сатып алуы болып табылады.2023 жылға дейін ҚР АШМ препараттарды ветеринария желісі бойыншаашық конкурс арқылы сатып алады. Мәселен, сібір жарасына қарсыветеринариялық препараттардың бір ғана атауын жыл сайын сатып алу ондағанмиллион дананы құрайды. Мысалы, 2022 жылы ашық конкурс шеңберіндебәсекелестік болған кезде оны сатып алуға 363 млн теңге жұмсалды,жоспарланған үш жылдық бюджеті 28 теңге болған кезде бір құтыға 10,9теңгеден төленді.Бірақ 2023 жылы ҚР АШМ бір көзден сатып алуға көшкеннен кейін,ешқандай себепсіз, ведомство сібір жарасына қарсы ветеринариялықпрепараттың бағасын бір құтыға 28 теңге бағамен белгіледі. Ал, оны сатып алуғажұмсалған жалпы шығындар 921 млн теңгені құрады, яғни ашық конкурстасатып алу кезінде өткен жылмен салыстырғанда 569 млн теңгеге артық. Аталғанпозицияның біреуін ғана сатып алу мемлекеттік қазынаға 250 пайызғанемесе екі жарым есе қымбатқа түсті.Сатып алуды бір көзден жүргізу үшін, мүмкін ҚР АШМ бастамасыбойынша, тіпті Үкіметтің арнайы қаулысын дайындап, бекітті.

Бұл ретте24.04.2024 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0)«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР қолданыстағы Заңының нормаларын бұзуорын алуда.Осылайша, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы3-тармағының 4) тармақшасымен бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы«4) төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жоюүшiн, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадананықталған, жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын,карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді оқшаулау және (немесе)жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіптіаурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралуошақтарында іс-шаралар, шұғыл фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуүшін, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiнкоммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгiобъектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы,газ құбыржолдарындағы технологиялық бұзылуларды жою үшiн және жеделмедициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың,тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардыңтасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуытуындаған кезде қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтердi сатып алу;» мақсатында жүргізілуі мүмкін.Яғни, біз төтенше жағдайлар кезінде ғана бір көзден, оның ішіндеветеринарлық препараттардан сатып алу туралы айтып отырмыз.

Ал мұндайпрепараттарды жоспарлы сатып алуды Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен, яғни ашық конкурс өткізу жолыменсатып алу болжанады.Атап өткен мысал мемлекеттік органдарда ведомствоның мүддесі үшін, оныжоққа шығармайтын және жеке мүддесі үшін аффилиирленген мемлекеттіккәсіпорындар немесе ұйымдар (РМК, ЖШС, АҚ немесе КЕАҚ) арқылы осытауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығындағы бағадан бірнеше есе асатынбағалар бойынша бір көзден сатып алу жүргізілетін тұйық жүйенің бар екендігінайқын көрсетеді.Осы жағдайда:- мемлекет мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізугежасанды монополия құрылады;- елдің бюджеті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жоғарыбағамен сатып алу арқылы негізсіз шығынға ұшырайды;- тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің белгілі біртүрлерінің нарығы құлдырайды, соның салдарынан қазақстандық кәсіпкерлернегізсіз шығынға ұшырайды;- тұрақты сыбайлас жемқорлық схемасы қалыптасады, онда тауарларды,жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға артық баға бойыншабюджеттен бөлінген қаражат пен осы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетінқызметтер нарығының өзі ұсынған олардың неғұрлым төмен бағасы бойыншанақты жұмсалған ресурстар арасындағы айырма есебінен жеке байытумүмкіндігі расталады.Келесі сұрақтар табиғи түрде туындайды:224.04.2024 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0)- орталық мемлекеттік органдардың тауарлар жұмыстар мен қызметтердісатып алу кезінде жоғары бағаларды белгілеу туралы шешімдері бәсекелестікнарықта немен ұсынылады?-мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізубойынша бәсекелестік орта болған кезде тікелей шарт жасасу тәсіліменмемлекеттік сатып алу қажеттілігін қандай әлеуметтік-экономикалықнегіздемелермен түсіндіреді?-неліктен бұл фактілер қолданыстағы заңнаманың нормаларындакөзделмеген және Премьер-Министр мен ел Президентінің тапсырмаларынанегізделген жағдайларда бір көзден жүргізілетін мемлекеттік сатып алудыңтиімділігін талдау және қаржылық аудит үшін негіз бола алмады?Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан РеспубликасыныңПарламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» ҚазақстанРеспубликасы Конституциялық заңының 25-бабы 2-тармағының 7)тармақшасын басшылыққа ала отырып:

1. 2023 жылға арналған ветеринариялық препараттарға қатыстыбәсекелестік орта болған кезде тікелей шарт жасасу тәсілімен ҚР АШММемлекеттік сатып алуды жүргізудің заңдылығы мен тиімділігіне мұқият талдаужүргізуді;

2. Барлық орталық мемлекеттік органдардың тікелей шарт жасасу тәсіліменмемлекеттік сатып алуды тұтастай жүзеге асыруын бюджет қаражатын тиімдіжұмсау тұрғысынан тиісінше талдау және орындылығын бағалауды өткізуді;

3. Осы депутаттық сұрау салу негізінде тікелей шарт жасасу тәсіліменмемлекеттік сатып алуды жүргізуді құқықтық қамтамасыз етудегі ықтималжүйелі өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің көзқарасынұсынуды сұраймыз.


Депутататтар Б. Нажметдинулы

Н. Сабильянов

С. Егізбаев

Ж. Дайрабаев

Е. Саурыков

М. Абенов

А. Баккожаев