Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Заң шығару қызметі
13.02.2024

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ең басты міндет екеніне тоқталып, құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейтуді тапсырды.

11.02.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын пысықтап, жетілдіруге ерекше мән беру керектігін айтты.

13.11.2023

2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

01.11.2023

Парламент Мәжілісі  2023 жылғы 1 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлдап, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберілді.

28.09.2023

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобалары бойынша таныстырылымды өткізді.

Халықаралық қызметі
26.10.2023

Ташкентте өткен Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Республикасы Мәжілісінің арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысына қатыстым.


Депутаттық сауалдар
21.02.2024

Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жиі көтерілді.

Бұл мәселе барлық өңірлерде өте өзекті болып тұр.


24.01.2024

Абай облысында халықпен кездесулер өткізгенде ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, Үржар ауданында шаруа қожалықтары күнбағыстың нарықтағы құны тоннасына 130 000 теңгеден төмен болғандықтан, өнімдерін қолайлы бағаға өткізе алмай отыр.

13.09.2023

Абай облысының тұрғындары және медицина саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізгенде денсаулық сақтау саласына және медициналық қызмет көрсетуге қатысты мынадай мәселелер көтеріліп, ұсыныстар берілді.

15.05.2023

Депутаттық сауалда Семей полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру мәселесі көтерілді. 

05.04.2023

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халықпен кездесулер өткізгенде жиі көтерілген мәселе - жолдарды жөндеу мәселесі 

Аймақтағы жұмысы
28.02.2024

Құрметті Абай облысының тұрғындары! Сіздер жиі көтерген "Қалбатау-Майқапшағай" жолын жөндеуді аяқтау мәселесі Парламент Мәжілісінде тағы көтерілді.

30.01.2024

1 қантар 2024 жылдан бастап жүк тасымалдаушы Локомотив Депосы ТЧЭ-29 қызметкерлерінің жалақсы көтерілді.

14.01.2024

Абай облысындағы халықпен кездесулерім аяқталды.


08.01.2024

Абай облысының Аягөз қаласындағы Мәдениет үйінде халықпен кездесу өткіздім.

07.01.2024

Абай облысы Жарма ауданының Бірлік,Жаңаөзен және Аршалы ауылдарында халықпен кездесулер өткіздім.


06.01.2024

Абай облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында азаматтарды қабылдап, мәселелерін тыңдадым.

05.01.2024

Абай облысы Жаңасемей ауданының Алғабас,Қайнар және Абыралы ауылдарында халықпен кездесулер өткіздім.

04.01.2024

Бүгін Семей қаласындағы 1-Жылу электр орталығында болып, нысанда жүргізілген қайта құру және жаңарту жұмыстарын көрдім.

04.01.2024

Бүгін Семей қаласындағы «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым.


Сөздері, мақалалары мен жарияланымдары
14.03.2024

Ұлттық Құрылтай аясында Премьер-Министрдің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың жетекшілігімен әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму секциясының отырысы өтті.

14.03.2024

Ұлттық Құрылтайда тұрғын үй мәселесіне ерекеше назар аударылды.

23.02.2024

Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамыту халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін өзекті мәселелердің бірі.

24.11.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамытуға ерекше назар аударды. Тиісті тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қабылданды. Еліміздің өңірлерін сумен, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрғын үйлерді салу, жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және инфрақұрылымды жақсартуға қомақты қаражат бөлінуде.

Басқалары
25.01.2024

Мемлекет басшысы Алматы қаласында өткен сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңесте осы салаға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді.

11.11.2023

Алматы қаласының Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебінің оқушылары мен ұстаздарына Парламент Мәжілісінің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар Мәжіліс депутаттарының қызметімен танысты.