Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ұлттық Құрылтайда тұрғын үй мәселесіне ерекеше назар аударылды.

Ұлттық Құрылтайда тұрғын үй мәселесіне ерекеше назар аударылды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

"Баспана – жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш.

Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет.

Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын".

Бұл өте өзекті мәселе. Халықпен кездесулер өткізгенде кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жиі көтеріледі.

Республика бойынша тұрғын үй кезегінде 647 мың адам тұр . Тұрғын үй салуға қосымша қаражат бөлу туралы Үкіметтке депутаттық сауал жолданған болатын.

Енді жаңа тұрғын үй бағдарламасы және баспана салуды көбейту арқылы кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй алу мүмкіндігі артады.