Заитов
Ринат
Рифхатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"AMANAT" партиясының өңірлік Жол картасы аясында салынған пәтерлердің тұрғындарымен кездесу

"AMANAT" партиясының өңірлік Жол картасы аясында азаматтардың сапалы тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатнда Абай ауданында тұрғын үй құрылысы қарқында жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында аудан көлемінде соңғы екі-үш жылда, жиыны 96 пәтер жаңадан бой көтеріп, ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларына пайдаланылуға берілді. 2023 жылы халықты тұрақтандыру мақсатында тұрғын үйлер аудан орталығында және 5 ауылдық округте салынған. Жыл басынан бері Жол картасы бойынша Қарауыл, Кеңірбай би, Көкбай, Құндызды, Қасқабұлақ және Саржал ауылдарында, жиыны 42 пәтер ауыл тұрғындарына табысталды. 

Жұмыс сапары барысында Абай ауданының орталығы - Қарауыл және Көкбай ауылындағы пайдаланулуға берген тұрғын үйлердің иелерімен жүздесіп, пікірлестік.