Иманбергенова Зәуре Тұрсынқызы
Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1967 жылы 29 қарашада туған.
Білімі жоғары: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және «Туран» университетін бітірген. Философ-саясаттанушы; экономист.
Еңбек жолын 1990 жылы Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институты саясат тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастады.
1993-1995 жылдары – Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институты саясаттану кафедрасының аспиранты.
1995-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясында инспектор, маман, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
2000-2008 жылдар аралығында – «Продкорпорация» АҚ бас маман, жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы, қаржы басқармасы бастығының орынбасары, қаржы қызметі басшысының орынбасары, стратегиялық даму қызметі басшысының орынбасары.
2008-2010 жылдары – «ҚазАгроКепіл» АҚ қаржы-экономикалық қызметінің жетекшісі, Қаржы департаментінің бастығы.
2012 жылдың қазан айынан бастап – Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.