Жеке парағыӘЛІШЕВ Қазыбек Құрманғалиұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі 1978 жылдың 3 ақпанында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылында туған
Білімі: жоғары.
1995-1999 жылдары – Ақтөбе мемлекеттік емес менеджмент, бизнес және құқық институты «Нұр»;
1996-1999 ж. - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті.
Үйленген, 2 баласы бар.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1998 жылы сот орындаушысы болып бастаған;
2000 – 2003 жж. - Ақтөбе облысы Қобда және Мұғалжар аудандары прокурорының көмекшісі;
2003 – 2005 жж. - Ақтөбе облысы Темір ауданы прокурорының орынбасары;
2006 – 2008 жж. - «Бұлан» ЖШС Бас директорының кеңесшісі, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, Атырау облысы;
2008 – 2010 жж. – «ИГС-Сичим» ЖШС БК Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Атырау қаласы;
2010 жж. - Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;
2010 – 2011 жж. - Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттаманың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2011 – 2012 жж. - Атырау облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы;
2013 – 2018 жж. - «ACRB LTD» ЖШС коммерциялық директоры, Атырау қаласы;
2018 – 2023 жж. - «Арман-М» ШҚ басшысы, Талдысай ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы;
2023 жылғы наурыздан - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:
2020 ж. – III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төс белгі;
2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі;
2022 ж. – III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалі;
2022 ж. – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгі;
2022 ж. – «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төс белгі;
2021, 2022 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары;
Мұғалжар ауданының «Человек года 2017» және «Жомарт жүрек-2018» номинацияларының иегері.
Жеке парағы