«Халық коммунистері» Елбасының Жолдауын ел арасында насихаттауда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Жаңаөзен қаласында болып, жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды аралады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің 2050-шы жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында Теңге және Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесті.Біз мақта саласын дамытуды мемлекеттік реттеу мен қолдауды сұраймыз
Астана, Мәжіліс үйі. 9 қаңтар. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен жалпы отырыста депутат Ұласбек Сәдібеков Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.