The website color
Distance between letter distance
Images
28.01.2014

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «ЖАСЫЛ АПТА - 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС  ДЕПУТАТТАРЫ «ЖАСЫЛ АПТА - 2014» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ  ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 28 қаңтар, Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азамат Әбілдаев, Төлеген Ибраев және Айқын Қоңыров  Германия Федеративтік Республикасының Берлин қаласында өткен «Жасыл апта - 2014» халықаралық көрме-жәрмеңкесінің жұмысына қатысты.

Бірлескен жұмыстар жоспарларын талқылау барысында мәжілісмендер германиялық әріптестерін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жасаған Жолдауымен, онда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері бойынша алға қойылған міндеттері және тапсырмаларымен таныстырды.

Мәжілісмендер «Левые» (Солшылдар) партиясы орталық комитеті халықаралық бөлімінің басшысы А.Гюнтермен және осы бөлімнің Азия секторының меңгерушісі Ю.Видеманмен кездесті. Германия тарапы Қазақстанның жаңа энергетикалық саясатына қызығушылық білдірді. А.Гюнтер Германияның ауыл инфрақұрылымы қалдықтарын тиімді пайдалану саласында, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері бойынша заң шығару саласында қолдау көрсете алатындай айтарлықтай атқарылған жұмыстар бар екенін айтты. Олардың  партия мүшелері бұл саладағы барлық жетістіктерімен бөлісуге әзір екендіктерін мәлімдеді.

Бұл көрме әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық, азық-түлік , ағаш өңдеу өнеркәсібі, ландшафт, бағбаншылық секілді агроөнеркәсіптік кешеннің түрлі салалардағы өнімдерімен техникалар, құралдар, химиялық препараттар және тұрмыстық техникалар секілді арнайы жабдық түрлері ұсынатын көрме болып саналады.

Оған барлық елдер жаңа тауарлары мен жобаларын қойып, келісім-шарттар жасасады. Асыл тұқымды және өзге де мал шаруашылығының түрлі конкурстары мен аукциондары өткізіледі. Мұнда ауыл шаруашылығындағы перспективті технологиялар жайлы жан-жақты пікір алысады. Оның үстіне жәрмеңкеге қатысушы елдер кеңейтілген мәдени бағдарламалар өткізеді.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Форум аясындағы подиумдық пікірсайысқа қатысып, Қазақстан-Германия агросаяси үндестігінің герман тарапымен байланысын қалпына келтірді. Dr. Andreas Gramzov  пен  dr. Diethard Rudert (диалог менеджері) мырзалармен Қазақстан-Германия агросаяси үнқатысуы мәселелері жөнінде Астана қаласында кездесу келісіміне қол жеткізді.

2014 жылы «Жасыл апта»  халықаралық көрме-жәрмеңкесі  79-шы рет өткізілді. Осы уақыт ішінде ол өз аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін – тұтынушылармен тікелей байланыс жасай алатын, көлемі жағынан ерекше көрме-жәрмеңкеге және ірі агро азық-түлік форумына айналды.

Сарапшылардың пікірі бойынша осы жылы көрмеге 420 мыңнан астам адам қатысты.

Аталған көрме өз жұмысын бастағалы бері әлемдік ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарын айқындаушы алаңға айналған. Онда әлемдік қауымдастық алдында тұрған көлемді мәселелер талқыланып, ынтымақтастық жөніндегі жаңа келісімдерге қол қойылады.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге байланысты агробизнестің көптеген өкілдері үшін «Зеленая неделя» (Жасыл апта)  Халықаралық көрме-жәрмеңкесі - әлемдік рынокқа шығу және өзін танытудың тамаша әдісі екені анық.

 

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan