The website color
Distance between letter distance
Images
26.03.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары ЕАЭО өнімдерінің қауіпсіздігі туралы келісімді қарайды


Нұр-Сұлтан, 26 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің ЕАЭО шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Құжат Одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Күн тәртібінің жобасында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылды.

Сонымен қатар, отырыста жетінші сайланған Мәжіліс пен шет ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы туралы мәселе қаралды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan