The website color
Distance between letter distance
Images
07.06.2021

Нұрлан Нығматулин Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады


Нұр-Сұлтан, 7 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, Палата Спикері Елшіге екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Палата Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңыздылығына назар аударатынын айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Қазақстанмен стратегиялық серіктес ел  ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты.

Біздің елдеріміз басшыларының келісімдері нәтижесінде көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан ғана емес, аймақтағы басқа елдердің де дамуына жаңа серпін берді, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандырып, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Рашад Маммадов парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan