The website color
Distance between letter distance
Images
23.07.2021

Мәжіліс депутаттары құрылыс заттарының қымбаттау мәселесін көтерді


Нұр-Сұлтан, 23 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі Айгүл Жұмабаева Қарағандыдағы облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге қаладағы және елді мекендердегі құрылыс нысандарын аралады.

Сапар барысында құрылысшылар депутаттарға құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты проблемаларды айтып, шығынға ұшырағандары жайлы баяндады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, олар үлкен шығынға ұшыраса да, жұмыс істеуге мәжбүр.

Атап айтқанда, Саран қаласында "Аспап" өндірістік кооперативі спорт залдың құрылысын аяқтай алмай отыр. Сонымен қатар, ақжолдық депутаттар Саран және Абай қалаларындағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендеріне де барды. Ол жақтағы жағдай да құрылыс заттарының күрт өсуімен байланысты.

Іссапар барысында депутаттар Шахтинск қаласындағы автовокзалды қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған проблемаларды  шешу үшін халық қалаулылары күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Мәжіліс депутаттары өздерінің депутаттық сауалдары арқылы Үкіметке құрылыс материалдары нарығында тәртіп орнатуды сұраған болатын.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan