The website color
Distance between letter distance
Images
25.10.2021

Мәжіліс депутаттары Өзбекстан Президентінің сайлауына бақылаушы ретінде қатысты


Нұр-Сұлтан, 25 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Жәмилә Нұрманбетова және Фахриддин Қаратаев Өзбекстан Президентінің сайлауында ТМД ПАА және ТүркПА байқаушылар миссиясының құрамында бақылаушы ретінде барды.

Сапар барысында депутаттар екі жақты кездесулер өткізіп, ТМД ПАА халықаралық бақылаушылар тобының ұйымдастыру кеңестеріне қатысты.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен, Олий Мажлисінің заң шығару палатасы Төрағасының бірінші орынбасары Акмал Саидовпен және Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен кездесті. Сонымен қатар, депутаттар Өзбекстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа ұсынылған бірқатар партия өкілдерімен де жүздесіп, пікір алмасты.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan