The website color
Distance between letter distance
Images
27.10.2021

Н.Нығматулин жаңа заң жобасы туралы: бұл Омбудсмен институтын нығайтудағы маңызды қадам


Нұр-Сұлтан, 27 қазан, Мәжіліс үйі. Омбудсмен туралы заң жобасы Президент бастамашы болған саяси реформа аясында әзірленді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерін мақұлдау барысында айтылды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл еліміз үшін өте маңызды, өте қажетті құжаттардың бірі екенін атап өтіп:

Осы енгізілген өзгерістердің нәтижесінде омбудсменнің қызметін, өкілдігін, жалпы адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға нақты қадам жасалып отыр. Бұл мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге  жаңа жол   ашатыны  сөзсіз, - деді.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, адам құқықтарының бұзылуын қалпына келтіру бойынша омбудсменнің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейді.

Айта кету керек, бүгінде Омбудсмен институтын оның құқықтық мәртебесін, қызметінің қағидаттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ адамның және азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі құзыретті заңнамалық деңгейде нақты айқындау арқылы одан әрі дамыту қажеттігі жетілдірілді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan