The website color
Distance between letter distance
Images
15.04.2022

Мәжіліс Бюросында жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Нұр-Сұлтан, 15 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және Ұлттық қордан осы жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларына түзетулер енгізу ұсынылды.

Алдағы жалпы отырыста Палата комитеті Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.

Сондай-ақ Бюрода Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдауы туралы мәселе қаралды.

 

 Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan