The website color
Distance between letter distance
Images
09.05.2022

Мәжіліс Төрағасы Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды


Нұр-Сұлтан, 9 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мәжіліс Спикері соғыс майданынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстандықтар КСРО-ның басқа да көптеген халықтары сияқты ортақ Жеңіске жетуге қомақты үлес қосты. Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысы соғыстан оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.  Оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш-шабуылдаушы, соғыс жылдарында 305 рет әскери шабуылға шығып, жаудың жеті ұшағын атып түсірген Талғат Бигелдиновті ерекше атап өтуге болады.

Биыл Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толып отыр. Аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың монументі елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan