Нұр-Сұлтан, 15 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.
74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі
Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan