The website color
Distance between letter distance
Images
07.10.2022

Мәжіліс цифрлық активтер туралы заң жобасын I оқылымда қарайды


Астана, 7 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Палатаның қарауына бірінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң жобасы енгізіледі. Жаңа заң жобасы цифрлық активтер нарығын дамытуға, цифрлық активтерді шығару, орналастыру және айналысқа шығару процесінде туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған.

Негізгі заң жобаны іске асыру үшін цифрлық активтер мәселелері бойынша ілеспе түзетулер әзірленді. Олар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Салық кодексі, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары.

Сонымен қатар жалпы отырыста мәжілісмендер Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы  заң жобасын қарайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде «Агломерацияларды дамыту туралы», ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобаларын Мәжілістің комитеттері жұмысқа қабылдайтын болады.  

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-96-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan