The website color
Distance between letter distance
Images
19.05.2023

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


 Астана, 19 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды.

Келісімді ратификациялау мемлекеттердің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды және уақытын  қысқартуды  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста бірқатар заң жобасын екінші оқылымда қарау жоспарланып отыр. Олар: сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі және «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобалары.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan