The website color
Distance between letter distance
Images
27.06.2023

Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Мәжіліс Төрағасының Өкімі


Астана, 27 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan