The website color
Distance between letter distance
Images
18.03.2024

Мәжілісте қазақ-ағылшын сөздігі таныстырылды


Астана, 18 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Асхат Аймағамбетов, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысты.

OXFORD сөздігінің тұңғыш басылымын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы дайындаған.

– Сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford English Dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды. Сөздік құрастыру жұмысы төрт жыл үздіксіз жүріп, оған 50-ден аса тәжірибелі тілші атсалысты. Сондықтан бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға, – деді Айгүл Құспан. 

1300 беттен тұратын қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздік 60 мың сөзді қамтиды.

 – Қазақ тілін үйреніп жүрген азамат ретінде маған бұл сөздіктің пайдасы өте зор. Сөздік қазақ тілін әлемге шығаруда маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. Әріптестеріме, авторларға алғысымды білдіремін, – деді Елшісі Кэти Лич.

Әлемге танымал Oxford University Press баспасы екітілді Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығаруға ресми рұқсатын берді. Сөздік Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғылыми кеңесінің сараптамасынан өткен.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04, Фото Ж.Жұмабеков.

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan