Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ Солтүстік Қазақстан ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

2023 жылғы 18-19 мамырда шағын жинақты мектептердегі білім беру сапасының өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын зерделеу және талқылау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Аққайың және Мамлют аудандарындағы шағын жинақталған мектептерге барды. Сапар барысында депутаттар педагогикалық құраммен кездесіп, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Сонымен қатар, елдің еңбек тапшылығы бар өңірлеріне қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген азаматтармен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Петропавл қаласында, облыстық әкімдік ғимаратында «Шағын жинақталған мектептер: білім беру сапасы, педагог кадрлардың тапшылығын шешу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жобалары туралы» тақырыбында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Комитеттің көшпелі отырысына Оқу-ағарту, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, облыстық білім басқармаларының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қозыбаев университетінің өкілдері, ауылдық мектептерді дамыту саласындағы ұлттық сарапшылар, СҚО шағын жинақты мектептерінің директорлары қатысты. Сондай-ақ, қашықтан байланыс арқылы орталық мемлекеттік органдардың, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатысты.