Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметі
05.03.2024

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

26.01.2024

Комитет отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

16.01.2024

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

14.11.2023

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.


16.10.2023

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

05.09.2023

Комитет отырысында «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

16.05.2023

Комитет отырысында «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

28.03.2023

Комитет отырысында «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары бойынша жұмыс тобының мүшесі болып сайланды.

Халықаралық қызметі
01.03.2024

3 наурызда Жапонияның Қазақстандағы елшілігі жапон императоры Нарухитоның туған күніне орай қабылдау өткізді.

13.11.2023

2023 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Беларусь Республикасының Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысы өтті.

Депутаттық сауалдар
27.03.2024

Депутат Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының жағдайы туралы депутаттық сауал жолдады.

30.11.2023

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ардақ Назаров Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа әскердегі мәселелер жөнінде депутаттық сауал жолдады.

21.06.2023

Ардақ Назаров Малшылар мәртебесі туралы депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.

03.05.2023

Депутат Ардақ Назаров Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға Алматы облысындағы жолдардың жай-күйі туралы депутаттық сауал жолдады.

12.04.2023

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда ЛГБТ насихатына жол бермеу керектігін айтты.

Аймақтағы жұмысы
09.03.2024

2024 жылғы 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаровтың «Ұлттық сананы қалыптастыру – мықты мемлекет негізі» тақырыбында аудан жастарымен кездесуі өтті.

09.03.2024

2024 жылғы 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров аудандық «Дән» мәдениет үйінде ұстаздармен жүздесті.

09.03.2024

2024 жылғы 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров аудандық дене шынықтыру және спорт кешеніне барды.

02.03.2024

2024 жылғы 2 наурыз күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында жастармен кездесті.

02.03.2024

2024 жылғы 2 наурыз күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында мектеп ұстаздарымен кездесті.

29.02.2024

2024 жылғы 29 ақпан күні Астана қаласында ерекше қажеттіліктері бар балалардың бейімделу спортымен шұғылдануына мүмкіндік беретін «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының 6 жылдығына арналған ерекше турнир өтті. Турнирде еліміздегі «Arm-back» атты жаңа спорт түрінің таныстырылымы болды.

13.02.2024

2024 жылғы 13 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат А. К. Назаров азаматтарды қабылдады.

10.02.2024

2024 жылғы 10 ақпанда Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында жастармен кездесу өткізді.

10.02.2024

2024 жылғы 10 ақпан күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек әскери гарнизонына барып, әскери қызметкерлермен және жас сарбаздармен кездесті.

10.02.2024

2024 жылғы 10 ақпан күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында  жастармен партриоттық бағытта кездесу өтті.

31.01.2024

2024 жылғы 31 қаңтар күні Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында республикалық конференция өтті.

12.01.2024

2024 жылғы 12 қаңтар күні Кеген аудандық мәдениет үйінде Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты халықпен кездесуі өтті.

12.01.2024

2024 жылғы 12 қаңтар күні Шонжы ауылындағы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің залында Мәжіліс депутаты А.Назаров ұстаздармен  кездесу өткізді.

11.01.2024

2024 жылғы 11 қаңтар күні Талғар ауданының Гүлдала ауылында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ауыл тұрғындарымен кездесті.

11.01.2024

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Есік қаласының 1500 орындық лицейіне барып, мектеп ұстаздары және оқушыларымен кездесті. Сондай-ақ Есік қаласындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты, жаттықтырушылар және жас спортшылармен кездесу өткізді.  

11.01.2024

Алматы облысындағы жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында салынып жатқан 1475 орындық орта мектеп құрылысымен және Есік қаласының Абылайхан атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

25.12.2023

2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық музей қорына Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табысталды.

25.12.2023

2023 жылғы 25 желтоқсанда Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Ел спортының үздіктерін марапаттау рәсімі» өтті.

24.12.2023

Депутат Ардақ Назаров Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге «Қош келдің Жаңа жыл!» іс-шарасында болды, онда балаларды Жаңа жылдық мерекемен құттықтады.

23.12.2023

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицей оқушыларымен бірге "Бақыт" қарттар үйіне барды.

22.12.2023

2023 жылғы 22 желтоқсанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапттау жиыны өтті.

21.12.2023

Елордада Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2023» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

15.12.2023

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК барып, ұжымды мерекемен құттықтады.

11.12.2023

2023 жылғы 11 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия және Әлем чемпионы Толғанай Қасымханмен кездесті. 

08.12.2023

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Мәжіліс депутаты А. Назаров Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі А.Б. Қалдыбековтің шақыруымен әкімдікте мемлекеттік қызметшілерге «Құтты білік» кітабінен лекция өткізді. 

08.12.2023

2023 жылғы 8 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасында (Алматы қаласын) «Qyr balasy» білім, ғылым қорының 5 жылдық мерейтойына арналған «БОСТАНДЫҚ БЕРГЕН ЕР ҮШІН!» республикалық жас алаштанушылар форумы (ALASH FEST) өтті.

07.12.2023

2023 жылғы 7 желтоқсанда Мәжіліс депутаты А. Назаров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. 

03.12.2023

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылындағы өзі білім алған мектепке барды.

24.11.2023

2023 жылғы 24 қараша күні Астана қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Жарқын болашақ кепілі – балалары» атты дәстүрлі форум өтті. 

24.11.2023

2023 жылғы 24 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Астана қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейінің мұғалімдерімен кездесті.

23.11.2023

2023 жылғы 23 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат А. К. Назаров азаматтарды қабылдады.

17.11.2023

2023 жылғы 17 қараша күні Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. 

14.11.2023

2023 жылғы 14 қараша күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Астана қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті.

10.11.2023

2023 жылғы 10 Қарашада Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM School мектеп-лицейінде «Аlpha ұрпақ ұстазы» жастар форумы өтті.

09.11.2023

2023 жылғы 9 қараша күні «Жастар Рухы» ЖҚ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «BIR TOLQYNDA» диалог алаңына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров қатысты.

04.11.2023

2023 жылғы 4 қараша күні Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі мен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jastan» форумы аясында «Нашақорлық – шын қорлық» атты семинар-практикумы өтті.

24.10.2023

24 қазанда Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттерімен кездесті.


29.09.2023

2023 жылғы 29 қыркүйек күні Қарағанды облысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.

19.09.2023

2023 жылғы 19 қыркүйек күні Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Ел қорғаны!» іс-шарасы өтті. 

12.07.2023

Депутат А.Назаров 2023 жылы 3-12 шілде аралығында Алматы облысында жұмыс сапарымен болды.

12.07.2023

Депутат А. Назаров Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

11.07.2023

Депутат А. Назаров Алматы облысы Кеген ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

07.07.2023

Депутат А. Назаров Алматы облысы Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

04.07.2023

Депутат А. Назаров Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

03.07.2023

Депутат А.Назаров жұмыс сапарымен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына барды.

18.05.2023

2023 жылғы 18-19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.

27.04.2023

2023 жылғы 27 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутат А.Қ. Назаров азаматтарды жеке қабылдады.

Қызмет орталығы
19.02.2024

2024 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Халық партиясының фракциясының ұйымдастыуымен «Дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында қазіргі өзгерістер және олардың спортты дамытуға әсері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  

15.02.2024

2024 жылғы 15 ақпан күні Астана қаласында ҚР туризм және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті.

08.02.2024

2024 жылғы 8 ақпан күні Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыптық отырыс өтті.

05.02.2024

2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.

01.02.2024

2024 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.

14.12.2023

2023 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өтті.

05.12.2023

2023 жылғы 5 желтоқсанда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді көшпелі талқылау өткізді. Көшпелі іс-шара Астанада «Локомотив құрастыру зауыты» базасында өтті.

06.11.2023

2023 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша таныстырылым өтті.

02.10.2023

2023 жылғы 2 қазан күні «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысына мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.

15.09.2023

2023 жылғы 15 қыркүйек күні депутат А.Назаров Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында болды.


20.06.2023

2023 жылғы 20 маусымда «Арт-спорт» бағдарламасын жетілдіру туралы» тақырыбында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

05.05.2023

2023 жылдың 5 мамырында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстандағы діни ахуал. Радикализм мен экстремизмге қарсы күрес. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың насихатталуы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

18.04.2023

2023 жылдың 18 сәуірінде Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлімен кездесті.

17.04.2023

2023 жылғы 17 сәуірде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Ораловпен кездесті.