Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шыңғырлау ауданындағы жастармен кездесу

2024 жылғы 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаровтың «Ұлттық сананы қалыптастыру – мықты мемлекет негізі» тақырыбында аудан жастарымен кездесуі өтті.

Кездесуде елге қызмет ету, жақсылық жасауға ұмтылу, абыройлы өмір сүру, әке мен ана, отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі жайында әңгіме өрбіді.

Жиын соңында аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы келген қонақтарға осындай рухани азық болар кездесу өткізгені үшін ризашылығын білдірді.