Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Малшылар мәртебесі туралы депутаттық сауал

Депутат А.Қ. Назаров малшының ауыр жұмысын ескере отырып, оның мәртебесін көтеру жөнінде бірнеше ұсыныстарын депутаттық сауалында айтты:

1. Малшының балаларын балабақшамен қамтамасыз ету. Мектеп жасындағы балаларына жақсы білім алуына жағдай жасап, арнайы интернаттар ашып оқыту қажет.

2. Ұлттық бірыңғай тест тапсырған малшы балаларына арнайы жеңілдіктер жасалып, Жоғарғы оқу орындарына түсуге гранттар бөлу қажет.

3. Малшының денсаулығы маңызды, сондықтан жылына бір мәрте жанұясымен бірге тегін медициналық тексеруден өткізіп және жылына бір рет шипажайға демалуға жолдама берілу қажет.

4. Ауыл мен аудан орталықтарында мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан «қол жетімді тұрғын үймен» қамтамасыз ету қажет. 

5. Малшының зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынамын, мәселен «әскери қызметкер сынды» 25 жыл үзіліссіз мал баққан малшы зейнетке ерте шығу қажет.

6. Бүгінгі таңда малшының еңбегі жұмыс беруші тарапынан бағаланбай жатқанын ескерсек, мемлекеттен «Еңбек» бағдарламасы арқылы белгілі бір пайызда жалақы төленуін қарастыру қажет.

7. Жыл сайын әр өңірден білікті әрі озат малшылар анықталып, мемлекет басшысының қолынан «Еңбек Ері» атағын беруді ұсынамын.