Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ұстаздармен кездесу

2024 жылғы 9 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров аудандық «Дән» мәдениет үйінде ұстаздармен жүздесті.

Кездесуде білім беру саласындағы бірінші кезектегі міндеттер, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегінің адам өміріндегі, ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы, қазақстандық мұғалімдердің мәртебесін нығайту, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар мәселелері талқыланды.