Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының жағдайы туралы депутаттық сауал

Депутат Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының жағдайы туралы депутаттық сауал жолдады.

Негізгі ұсыныстары:

1.      Орталық ғылыми кітапханаға жеке «кітапхана» статусын беру;

2.      Бір ғасырға жуық уақыттан бері жиналып келе жатқан құнды кітаптар мен мерзімді басылымдарды күтімге алып, сақтау үшін арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету;

3.      Кітапханаға оқырмандар сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа үлгідегі компьютерлер, көшірме жасайтын аппараттар алу керек, оқу залдары кондиционерлермен жабдықтау;

4.      Өткен жылдарда Орталық ғылыми кітапхананың кітапқа және мерзімді басылымдарға жазылуы үшін бөлінген қаржының қайда кеткенін, қалай жұмсалғанын құзырлы органдар тексеруі керек. Сондай-ақ, бұдан кейін Орталық ғылыми кітапхана қорының жаңа ғылыми басылымдармен толығуын қамтамасыз ету;

5. Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлерінің жалақысы өсуі тиіс. Олар да басқа кітапханалардың қызметкерлерімен деңгейлес жалақы алуы керек. Соның арқасында Орталық ғылыми кітапханаға керек мамандар қарастырылып, санын шұғыл арттыру қажет.