Жаңбыршин
Еділ
Терекбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайыловтың атына депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

Ә.А. Смаиловқа

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы, Үкіметке утиль жинақтауға қатысты есептеу тәртібін қайта қарау және жеке мекеме орнына мемлекеттік операторды қарастыруды тапсырған болатын.

Утиль жинақтаудың шамадан тыс бағалануы және жеке оператордың ашық емес қызметі, депутаттар тарапынан бірнеше рет көтерілген және тұрғындар үшін өте сезімтал сұрақтардың бірі. Қаңтардың басында, Маңғыстауда өткен бейбіт митингілерде халық осы утиль жинауды реттеу жөнінде де талап қойған.

Соңғы бес жылда автокөліктер мен ауылшаруашылық техникасын сатып алушылар, жеке операторға сатып алынатын техниканың мақсаты мен үлгісіне қарай, 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін утиль жинауды төлеген.

Мұндай, заңды «бопсалаудың» нәтижесі, елімізде көліктердің қымбаттауына әкелді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін жаңа көліктердің бағасы екі есеге жуық өсті. Осының салдарынан ескі көліктердің де бағасы өсіп кетті.

Көрші елдермен баға айырмашылығы, елге шетелдік көліктердің белсенді түрде тіркеусіз әкелінуіне мүмкіндік берді. Қазақстанға шетелдік нөмірлері бар 200 мыңнан астам көлік кірген, олардың көпшілігі ескірген, ал кейбіреуі тіпті қылмыстық мүлік. Сонымен қатар 2021 жылдың маусымынан бастап кабель мен сым өнімдерінің құнына да 5% утиль жинау қарастырылған.

Осы мәселелерге қатысты Президенттің тапсырмасын халық зор ықыласпен қабылдады. Бірақ, біз бүгін, тапсырмалардың басқаша атқарылып отырғанын көріп отырмыз.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жеке оператордың құқықтарын мемлекеттік акционарлық қоғам «Жасыл Дамуға» дереу беруді көздейтін Қаулының жобасы орналастырылды.

Бұл Қаулы жобасына сәйкес, бес жыл бойы жеке оператордың ақшаны белсенді түрде жинау процесінің ашықтығы ұмытылып қалатын сияқты.

Жалпы утиль жинаудан түскен қаржы туралы әр түрлі цифрлар айтылуда. Жеке оператордың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарасақ
2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін түскен қаржы 600 млрдтан астам теңгені құрап отыр.

Бұл қыруар қаржы қайда кеткен? Ол жөнінде толық дерек жоқ. Біз тәуелсіз аудит нәтижелерінің орнына Экологиялық Кодекстен жеке оператордың ақшаны «идея бойынша» неге жұмсау керек екендігі туралы ақпарат аламыз.

Ашық көздерден алған мәліметтер бойынша 300 млрдтай теңге автокөлік өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді ынталандыруға берілген, 30 млрдтай теңге ескі көліктерді тапсырған халыққа төленген,
29 млрдтай теңге ескі техникаларды жинақтауға және утилизациялауға жіберілген, ал 181 млрдтай теңгенің қайда кеткені белгісіз! Сонда, бүкіл жиналған қаржының 10% ғана утильге бағытталған ба?!

Сонымен қатар, жеке оператор активтерінің тағдыры Қаулы жобасы бойынша түсініксіз. Өйткені Қаулы жобасында тек жарғылық капиталдағы үлесті беру туралы айтылған, ал ағымдағы шоттан ақшаларды аудару туралы бір ауыз сөз жоқ. 

Утиль жинау төлемін жаңа оператордың қабылдап бастағаны туралы Экология министрлігінің тосын мәлімдемесі де сұрақ туғызады. Өйткені Қаулы жобасы ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін талқыланады және одан кейін оның нақты қабылданатыны белгісіз болып тұр.

Утиль жинаудың ставкасын қайта қару жөніндегі сұрақта ашық қалып отыр. Бүгін әңгіме базалық ставка төңірегінде, ал алынатын сомалар, негізінен коэффициенттер арқылы манипуляция жасалынып отыр. 

Неге халықтан алынған утиль жинақ есебінен көлік өндірісін дамытамыз? Бизнестің өзі инвестиция салмай ма? Утиль жинау тек ескі техникаларды заласыздандыру үшін пайдалану керек емес пе?

Қазір утиль жинауға байланысты жұмыс тобы құрылып, талқылау жүріп жатыр. Бірақ, әр түрлі тараптардың паритеті сақталмаған. Министрліктер осы процеске көлік өндірушілердің лоббистерін көбірек тартуда.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, нақты шешімдер қабылдап,  заңнамада көрсетілген мерзімде жауап беруіңіз сұралады.

«Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері