Елеуов
Галымжан
Алмасбекович

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Депутаттың сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбе облысына іссапарға шығуы туралы.

 Ертеңнен бастап 26 ақпанға дейін туған өңірім - Ақтөбеге барамын, ол жерде ең алдымен тұрғындармен, сайлаушыларымызмен кездесулер өткіземін. Жергілікті жерлердегі нақты жағдайды біліп, өңірдің барлық тұрғындарын алаңдатқан мәселелер мен олардың қажеттіліктері туралы білетін боламын. Қазіргі таңда тұрғындарды ең алдымен әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалар қатты мазалайтынын жақсы білемін. Мен аймақ тұрғындары үшін күн тәртібінде тұрған кез келген басқа да өзекті және маңызды мәселелерді талқылауға дайын боламын. Біз барлығымыз бірлесіп, оның шешу жолдарын тауып, өңірдегі өмірімізді жақсарта алатынымызға сенімдімін.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарға - Марат Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығына, дәрігерлік амбулаторияға, қала мен аудандардың медициналық ұйымдарына, сондай-ақ мектептерге, шаруа қожалықтарына және ӘМСҚ филиалына баруды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, флюорографиялық, рентгенодиагностикалық аппараттар, маммографтар, мобильді кешендер, палаталық аппараттар шығаратын "Ақтөберентген" зауытына, "ТК Фарм Ақтөбе" дәрілік заттар өндіретін зауыт және медициналық жабдықтар мен медициналық бұйымдар өндіретін басқа да кәсіпорындарға бару жоспарлануда. Мен бұл сапарда алдыма үлкен жоспар қойып, отандастарыммен кездесетініме өте қуаныштымын.