Елеуов
Галымжан
Алмасбекович

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ВЫЕЗДНАЯ РАБОТА ДЕПУТАТА МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА РК ЕЛЕУОВА Г.А. В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ (С 12 ПО 20 МАЯ 2022 ГОДА) 17 МАЯ 2022 Г. ТЕМИРСКИЙ, БАЙГАНИНСКИЙ РАЙОНЫ

       Шалғай ауылдардан басталған іссапарымыз жалғасын тауып, бүгін ақсақалдармен, көп балалы аналар, қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен және мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездестік. Кездесу барысында жергілікті халықпен Конституцияның ел дамуындағы рөлін және жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқыладық. Конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы екенін айттым. Суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістер туралы ой бөлістім. Менің ойымша, алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтеді, сондықтан референдум ескі модельден түпкілікті кету және саяси жүйені қайта бастау үшін қажет.

     Әріптесім Александр Милютин жаңа мәтіндегі заңның баптарына тоқталды. Мәселен, құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар "жердің және табиғи ресурстардың иесі - халық" деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол бермеу үшін осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды, ол үшін халықтың қолдауы қажет екендігін айта келе ауыл тұрғындарын 5 маусымда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алатындығын айтып, референдумға қатысуға шақырды.

       Қоғамдық кеңес төрағасы Еспағанбет Төлеуов референдумға өз қолдауын білдіріп, заңға енгізілген толықтырулар мен түзетулердің қайсысы көңілінен шығатынын айтты. Сондай-ақ кездесуде ұжым мүшелері зейнет жасын төмендету мүмкіндігі туралы өз ұсыныстарын және басқа да мәселелерді жеткізді. Депутаттар референдумда халық даусы шешуші рөл атқаратынын айтты. Сол үшін мұндай маңызды сәтте азаматтарды белсенді болуға шақырды.

Image titleImage titleImage titleImage titleImage titleImage title