Елеуов
Галымжан
Алмасбекович

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ВЫЕЗДНАЯ РАБОТА ДЕПУТАТА МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА РК ЕЛЕУОВА Г.А. В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ (С 12 ПО 20 МАЯ 2022 ГОДА) 18 МАЯ 2022 Г. Г. АКТОБЕ

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title


     Бүгін қалалық мәслихаттың депутаттарымен бірге өңірдің медициналық қауымдастығымен кездесу бұйырды. Атап айтқанда, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен жолықтық.

    Ақ халатты абзал жандармен кездесу барысында конституциялық реформаны іске асырудың басты кепілі халық екендігін тілге тиек етіп, жалпыхалықтық референдумда сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырдық. Бұл референдумның саяси, тарихи маңызынан бөлек әлеуметтік, экономикалық маңызы терең. Себебі мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Ал мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі халықтың мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады.

        Сонымен бірге, референдумның басты мақсаттары мемлекеттік билікті халыққа жақындату және биліктің үш тармағы, яғни, атқарушы билік, өкілді органдар және сот тармағы арасындағы қарым-қатынасты теңестіру болып табылады. Ақтөбе облысын аралап Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу барысында халықтың жалпыхалықтық референдумға үлкен үміт артып отырғанын байқадым. Бұл айтулы оқиға Мемлекет Басшысының «Жаңа Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудың алғашқы баспалдағы болмақ деп санаймын.