Елеуов
Галымжан
Алмасбекович

Член Комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулері бар заң жобасының бірінші оқылымында сөйлеген сөзі

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті әріптестер!

    Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады, өйткені, ол елдің экономикалық және саяси дамуы үшін елеулі проблема болып табылады.

    Елімізде бұл кеселмен күресу шаралары дәйекті түрде қабылдануда. Бүгін қаралып отырған заң жобасы осы бағыттағы келесі маңызды қадам болып табылады.

    Мемлекет басшысы атап өткендей, «Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін біз оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек.».

    Бүгін айтылғандай, аталған заң жобасында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешені қамтылған. Яғни, түзетулердің тұтас бір блогы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыруға, оның ішінде олардың еңбек құқықтарын қорғау, өтініш беруші туралы және ол көрсеткен жәрдем туралы ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру арқылы осы жүйені қалыптастыруға бағытталған.

    Бұл шаралар азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысуын ынталандыруға мүмкіндік береді деп санаймын.

    Заң жобасында мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың шығыстары мен алатын кірістерінің арасындағы елеулі алшақтық фактілеріне ден қою құралдары да енгізіледі. Осы адамдардың кірістері мен шығыстарын бақылау және негізсіз байығаны үшін жауаптылықты енгізу тағы бір тежеуші фактор болады.

    Осы шаралардың бәрі жақында бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында да көзделген. Сондықтан, осы заң жобасы қабылданғаннан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, оларды ашу және тергеп-тексеру саласындағы көптеген проблемалық мәселелер шешілетініне сенімдімін.

    Мен осы заң жобасының тұжырымдамасын қолдаймын және оны бірінші оқылымда қолдауды ұсынамын.

    Назарларыңызға рахмет.