The website color
Distance between letter distance
Images
15.12.2014

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ

 

 

Астана, 15 желтоқсан,Мәжіліс үйі.  

               

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға Мәжіліске түскен жаңа заң жобалары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, осы күні Палата 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шарттарды ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін анықтайды.

       Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы Келісім мен Шартқа қатысты құжаттар бар.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan